Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Абайтанушы Омар Жәлелұлы оқырмандармен жүздесті...

20.01.2017 14375

Абайтанушы Омар Жәлелұлы оқырмандармен жүздесті

Абайтанушы Омар Жәлелұлы оқырмандармен жүздесті - adebiportal.kz

Кеше, 2017 жылдың 19 қаңтарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., абайтанушы, ғалым Омар Жәлелұлының, жақында жарық көрген “Харекет” атты кітабы бойынша оқырмандармен кездесу жасады. Кеш, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің “Абай” залында өтті.

7f4e264fe7eddce58bde6a6775403580.jpg

Оқырманмен жүздесу барысында, Омар Жәлелұлы адамды еңбек етуге жігерлендіретін, адами болмысын, ар мен абыройын сақтап қалудың жолында бағыт-бағдар беретін хакім Абайдың “Адам бол – мал тап” қағидасына негізделген және жаратушы мен пенде, иман, хал ілімі т.б. жайындағы тұщымды ойларымен оқырмандармен бөлісті.

Омар Жәлелдің айтуынша, Жаратқан Иеміз әркімге түрлі ақыл бергенін, оның бізге нығмет ретінде беріліп, оны дұрыс әрі пайдалы қолдану арқылы мал табу қажет.

Қанша шешен болсада- дауға салма малсызды..

Қанша батыр болсада- жауға салма жалғызды..

- деп Бұқар жырау айтқандай, кітап авторы оқырмандарды бірлікке, сөзбен емес пайдалы істермен айналысуға шақырды. Оның пікірінше, «ұры әрекет етеді (харекет емес), ал ел қамын жеген тұлға, әлбетте харекет етеді. Харекет, сөз жоқ, пайдалы (адамның жанына, рухына пайдалы, ізгілікке негізделген) іс-әрекет» дей келе, одан тереңдей түссе, харекет сөзі «ойлану» деген де мағына беретінін тілге тиек етті..

6184d1db111deeb1c6d5f2da8c08dfa4.jpg

Кітапта Қ.А.Ясауи, Бұқар жырау, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім шығармаларындағы құнды әрі қазақ әдебиетіндегі еңбектің адамшылық өлшемі және әдебиетте ғылымның ең жоғарғы еңбек формасы ретінде айқындалуы баяндалған. Қазақ руханиятынына қосылған зор үлес болып табылатын, 511 беттен тұратын бұл оқулық, “Профи Медиа” баспасында жарық көрді.

Кеш соңында оқырмандар арасынан оқытушылар мен түрлі сала мамандары өзінің ой-пікірлерімен бөлісіп, кітап авторына алғыс, лебіздерін білдірді. Түрлі ойлар, ғибратты сөздер айтылды. Мәселен, бірі сенімділік пен адалдық, бірліктің арқасында харекет туады десе, бірі қазақ мақал-мәтелдеріндегі іскерлік философияның негізгі принциптерінен сөз қозғап, зерттеу жүргізіп оларды жаңғырту қажеттігін алға тартты.

Тағы бір айта кетерлік жайт, оқырмандар арасында әйел қауымының қызығушылығын тудырған Омар Жәлелдің әйел тақырыбындағы келесі кітабы жақында жарық көрмекші.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар