Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ШЕТЕЛ ӘДЕБИЕТІ
Әлем әдебиеті: Кейіпкер және прототип...

10.01.2019 19284

Әлем әдебиеті: Кейіпкер және прототип

Әлем әдебиеті: Кейіпкер және прототип - adebiportal.kz

Прототип – әдебиет шығармасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын, өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға. Жалпы, әдебиет, өнер және кинодағы кейіпкерлер ел арасында танымалдылыққа ие болғанымен, олардың прототиптері туралы мәліметтер аз кездеседі. Ендеше, сол тақырып жөнінде сөз қозғап көрейік.

Бернард Ван Липпе-Бистерфельд

Әлемге әйгілі Джеймс Бондтың прототипі – ақсүйектер әулетінің ұрпағы, Голландияның сұлу қызын алған ханзада Бернард Ван Липпе-Бистерфельд.

Джеймс Бондтың шытырман оқиғалары ағылшын тыңшысы Ян Флемингтің 1953 жылы шығарған «Казино Рояль» кітабынан соң көпшілікке белгілі болды. Тарихта немістердің әскери қызметінен қашып, ағылшын тыңшысы болып шыққан Флемингтің сол уақыттағы бар мақсаты Бернард ханзаданы аңду болған.

1954 жылы CBS компаниясы белгілі жазушы Ян Флемингке «Казино Рояль» романының желісінде бір сағаттық Climax сериалын түсіруге ұсыныс жасады. Жүйелі келісім нәтижесінде 1954 жылдың 21 қазанында аталған сериал көрермендерге жол тартты. Фильмнің басты кейіпкері 007 агентін сомдау Барри Нельсонға бұйырды. Одан кейінгі жылдарда Джеймс Бондтың ролін Дэвид Нивен, Шон Коннери, Джордж Лэзенби, Роджер Мур, Тимоти Далтон, Пирс Броснан, Дэниел Крейг сомдады.

Осип Шор

Остап Бендер – Илья Ильф пен Евгений Петровтың «Он екі орындық» және «Алтын бұзау» романдарының бас кейіпкері. Кейде бұл кейіпкерді көпшілік «ұлы комбинатор», «ақша алудың төрт жүзден астам әділ түрін меңгерген» адам ретінде де еске алып жатады. Романның авторлары да оның қайдан шыққанына онша көп тоқталмайды. Тек қысқа да нұсқа жолдардан оның тегінің еврей екенін, кезінде саудамен айналысатын еврейлердің түрік болып жазылғанынан аз-маз хабар береді. Әкесінің аты – Ибрагим. Бұл еврейше Авраам деген сөз.


Аты аңызға айналған – Остап Бендердің бейнесі тұтастай ойдан шығарылған бейне емес. Ильф пен Петров мұндай ақылды алаяқтың образын сомдау кезінде Осип Шор бейнесін прототипке айналдырған. Атақты Кеңес жазушысы Валентин Катаев (Е.Петровтың бауыры): «Осип – біздің одессалық достарымыздың бірі. Ол тамаша футурист ақынның ағасы болатын» деген деректер келтірген.

Бір қызығы Ильф пен Петров осы прототиптің бойындағы барлық белгілерді Бендерге көшіре салған десе де болады. Мәселен, Осипті достары көбінесе Остап деп атаған. Шор да 1899 жылы 30 мамырда Одесса қаласында туған. Қалалық мұражайдан оның тұрған көшесі, үй номері және туу туралы куәлігінің көшірмесі де табылған.

Джозеф Белл

Шерлок Холмс – шотландиялық жазушы Артур Конан Дойлдың шығармасындағы атақты әдеби кейіпкер. Ол туралы алғашқы басылым 1887 жылы жарыққа шыққан.

Конан Дойль Холмс туралы төрт повесть және алпыс алты әңгіме жазған. Әңгімелердің төртеуінен басқасының бәрі Холмстың досы және өмірбаяншысы дәрігер Ватсон атынан жазылған, екеуін баяндайтын Шерлок Холмстың өзі және тағы екеуі үшінші жақтан баяндалады. Шерлок Холмс туралы ең алғашқы екі әңгіме Beeton's Christmas Annual («Битонның рождестволық жылнамасы») 1887 жылғы және 1890 жылы Lippincott's Monthly Magazine («Липпинкоттың айлық журналы») басылымында жарық көрді. 1891 жылы «Странд» журналында ол туралы әңгімелер басыла бастаған соң Шерлок Холмс бейнесі әлемге танымал болды.

Шерлок Холмс образының дүниеге келуіне Джозеф Белл есімді дәрігер себеп болған. Ол туралы Конан Дойль өз автобиографиясында: «Өзімнің ертедегі ұстазым Джо Белл детектив болғанда дүниеге жаңа бір ғылым келер ме еді?!», – дейді.




Герман Геринг

Карлсон (швед. Karlsson pа taket – шатырда өмір сүретін Карлсон) – швед жазушысы Астрид Линдгрен ойлап тапқан әдеби кейіпкер. Карлсон Швециядағы Астрид Линдгреннің өзі тұрған ауданда, көппәтерлі үйлердің шатырындағы үйшікте өмір сүреді. Карлсонның ең жақын досы – Свантесон отбасысының кенжесі жеті жасар Сванте. Карлсон оны «Балақай» деп атайды.

Карлсонның прототипі – Герман Геринг. Швецияда авиашоу жасап жүретін жанның мінез-құлқы ешкімге ұқсамайтын болған екен. Астрид Линдгрен Германмен достық орнату арқылы 1955 жылы кітап басып шығарады.

2002 жылы Швеция мен Норвегияның режиссерлері «Шатырда өмір сүретін Карлсон» толықметражды анимациялық мультфильмін шығарады.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар