ҚҰРМЕТТІ АСТАНАЛЫҚТАР!
Алдағы сенбі, 18 ақпан күні күндіз сағат 11-де Астанадағы Ұлттық Академиялық Кітапханада “АЯГҮЛ” кітабының тұсаукесері, Аягүл Мантай шығармашылығына арналған кеш өтеді.
Кеште әңгімелері мен жазбаларын көпшілік сүйіп оқитын талантты жас жазушы, "Серпер" жастар сыйлығының иегері Аягүл Мантайдың (1982-2021) тұлғалық болмысы, публицистикасы, прозасы талданып, жақсы естеліктер айтылады, баяндамалар жасалады.Кешті Аягүлмен Мәскеу қаласында жақсы араласқан досы Zhazira Esikeeva ұйымдастыруда.
Ақын Мақпал Мысаның қолдауымен Аягүлдің шығармаларын, сүбелі сұқбаттарын топтастырып, Аягүл туралы жазылған естеліктерді енгізіп "Аягүл" деп аталатын кітап шығардық. Кітаптiң толық тиражы бүгін-ертең қолымызға тимек. Содан кейін кітап дүкендеріне қойылады, кешке де жеткізілмек.
Естелік ретінде жариялаған кітаппен сол кеште танысарсыздар, көрерсіздер.
Аягүлді сағынған достары, оқырмандары - барлығыңызды күтеміз.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.