Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Астанада «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрме өтеді...

14.03.2017 4508

Астанада «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрме өтеді

Астанада «Чанаккале жеңісі» атты фотокөрме өтеді - adebiportal.kz

18 наурыз - Түрік әлемі үшін “Жеңіс күні” әрі “Чанаккале шейіттерін еске алу күні” ретінде атап өтіледі.  Осы күн  Бірінші дүниежүзілік соғыс пен түрік елінің тарих беттерінде өшпес із қалдырған белестердің бірі болды. 1915 жылы наурыз айында Антанта әскерлері Дарданел бұғазы арқылы өтпек болған жолда үлкен тойтарысқа ұшырайды. Шайқасқа қатысқан 250 мың түрік әскері отан қорғау жолында жанын пида еткен.

2246ae664411c2a76765caab1a14cf9e.jpg


Түрік әскерлерінің сұрапыл шайқастағы ерлігі халықтың рухын көтерді. Бұның дәлелі ретінде аты аңызға айналған түрік әскері Сейіт Әли Чабук немесе Сейіт Әли Онбашын атап өтуге болады. 


8ec9b63c0f118ae194db458619d09a4b.jpg

     

Қатардағы жауынгер Сейіт Онбашы Румели Меджидие фортындағы артиллерияда қызмет еткен. Ұрыс  кезінде снаряд ататын тетік бұзылып қалғанда, Сейіт жалғыз өзі 215 кг. снарядты көтеріп алып зеңбірекке орналастырады. Қазақ ақыны Құрал Көмек дәл осы сардар ұлдың қаһармандығын «Сенім жеңісі» деп аталатын поэмасында жырлайды:

     «Қалса -дағы

     Сиреп сарбаз қатары,

     Жүректерде

     Жанып жатты от әлі.

     Шегінбеді, берілмеді ешкім де,

     Олар үшін жалғыз тірек Отаны.

     Осындайда

     Тағдыр сынар алыпты,

     Жеңе алмас

     Дұшпан қайсар халықты.

     Мұқалмастан мұңаймастан Сейіт тұр,

     Зеңбіректің жалғыз оғы қалыпты.

     Жалғыз Алла

     Жар болды да қолдады,

     Отан үшін

     Бойда қуат толғаны.

     Еңкейді де

     Ерен күшпен көтерді,

     215 кг бомбаны».


Биыл 18 наурызда Чанаккале жеңісіне 102 жыл толады.  Осы орайда Түркияның Қазақстандағы елшілігі мен Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында «Чанаккале жеңісі» атты фото-көрме өтпек. Көрермендерге ұсынылатын соғыс кезінде түсірілген бұл тарихи фотолар Түркияның Бас командованиесі архивінен алынған. 


Ашылу рәсімінен бұрын, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының «Юнус Эмре» хоры жеңістің құрметіне арнап шайқасқа қатысқан 15 жастағы көкөрімдер туралы «15 жасар бозбала», «Йемен жыр-әні» және «Чанаккале жыр-әні» атты шығармаларын көрермендердің назарына ұсынбақ. 


3c84e4b638134e431420430ff94b2cef.jpg

Көрменің ашылу рәсімі 17 наурыз,  сағат 15:00-те өтеді.  Көрме, 2017 жылдың 18 наурыз күні де жалғасын табады.

Астана мен қала қонақтарын аталмыш көрмені тамашалауға шақырамыз!


Байланыс телефоны: +7 777 530 9130



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар