Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Елдің қайсар ұлдары...

15.05.2017 4160

Елдің қайсар ұлдары

  Елдің қайсар ұлдары - adebiportal.kz

Ерлікке жыр оқуды құп аламын,

Сендер өткен сын жолды ұға аламын.

Ел мұраты — биікте деп білетін,

Ағаларым болғанға қуанамын.

Еменімсің шыныққан дауылдарда,

Байрағымсың бастайтын қауымды алға.

Көк тіреген әрқайсың шың-құздарсың,

Мен қалайша аласарам тауым барда.

Ізін қуған Бауыржан мен Мәліктің,

Елге бүгін ерлік мәнін таныттың,

Бейбіт кезде батыр болып атандың,

Қыршындары, боздақтары халықтың!

Тірісінде қиянатпен шайқасқан,

Шімірікпес қылмыспенен айқасқан.

Сендер үшін жаным, арым садаға,

Ерлігіңді іздеймін мен қай тастан?!

Оқыс-кенет кеуделерге төнгенде оқ,

Әріптесім қолдан намыс берген жоқ.

Тәлім алған, ізің қалған бұл ортаң,

Қаза болды дегенге әлі сенген жоқ.

Кілт үзіліп шырқай салған әніміз,

Тоңды қайғы ызғарынан жанымыз.

Ескерткіш бұл ұмытпаудың белгісі,

Мың иеміз басымызды әлі біз.

Е. Е. Серімов

Заң ғылымдарының кандидаты,

Полиция полковнигі


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар