Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығы табысталды...

08.12.2022 1577

Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығы табысталды 14+

Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығы табысталды - adebiportal.kz

10 номинация бойынша 19 жеңімпаз анықталды. 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл аталған сыйлыққа 30 жыл толып отыр. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Тәуелсіздік алғаннан бері жастарға ерекше қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті және дарындыларға сыйлықтарын табыс етті.

"Биыл "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығына 30 жыл толып отыр. Осыған орай әрі жастар жылы аясында Үкімет "Жастар саясаты" туралы заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында көрсетілген басты мәселенің бірі жастардың жасын 35 жасқа дейін көтеру бойынша біздің ұсынысымыз қабылданды. Оның игілігін барлық жас көреді деп ойлаймын. Жасы 29-дан асып кеткен "Дарын" сыйлығына тапсыра алмаған басқа да біздің көптеген жобаларға қатыса алмағандар енді 35 жасқа дейін қайтадан осы сыйлыққа тапсыра алады. Сондықтан арнайы қабылданып жатқан осы заң жобасы көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Осы аталым бойынша 30 жылдың ішінде 300-ден астам талантты жас марапатталды. Барлықтарыңызға құтты болсын!", — деді министр Дархан Қыдырәлі.

Марапат иегерлері мына номинация бойынша сыйлыққа ие болды. Атап өтсек, «Эстрада» номинациясы бойынша Құснадин Ақбота, Омаров Нұртас, «Классикалық музыка» номинациясы бойынша Расылхан Шыңғыс, Алтынбек Әйгерім иеленді.

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша Сәденов Таңат, Қамажан Аяулым,«Әдебиет» номинациясы бойынша Талапов Шерхан, Төлтай Файзолла, «Театр және кино» номинациясы бойынша Серікболова Назерке, Әбіл Мирас марапатталды.

«Спорт» номинациясы бойынша Асаубаева Бибісара, Әбдімәлік Жансая, «Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Төлеп Алмас, Жабағин Арнұр «Журналистика» номинациясы бойынша Әбделиев Шерхан, «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша Набиева Оксана, Жұмырбаев Тимур,«Ғылым» номинациясы бойынша Егізбек Камила, Машуров Фарух марапатталды.

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық театрдың көркем әдебиет және ғылыми қор бөлімінің басшысы Мирас Әбіл "Дарын" сыйлығының лауреаты атанды.

"Менің қатарымдағы кез келген жас бұл марапатқа лайықты. Өнер жолы әркімге жалын ұстата бермейтін қиын жол. Қаншама дарынды жастың ішінен театр өнері бойынша жазған пьеса, халықаралық және республикалық байқауларда топ жарған шығармашылығымның жаңа белеске бұрылғаны секілді бұл марапат маған сондай әсер қалдырды. Әрі қарай тоқтамай, шығармашылық жолды дамытамыз. Өнер жолында жүрген жастарға айтарым марапатқа місе қоймай, шынайы жаны бар дүниелерді жасап, тоқтамай алға қадам басып, оқу процесінде жүрсе деймін. Мені қолдаған жандарға алғысымды айтамын", — дейді.

Сондай-ақ, жас дарын өзі қатарлас жастарға марапат емес, өнердің биігіне жеткенін қалайды. Себебі, атақ та марапат та адамға өзі келеді деп есептейді. Театртанушы Мирас Әбіл "Алтайдан ауған ел", "Абай-Тоғжан", "Дон Кихот", "Қарагөз, Гамлет, Фауст" (триптих) сынды сахналық қойылымдардың авторы.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар