Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Нұрила Нұржігіт. Болашақ жастардың қолында...

15.04.2024 1490

Нұрила Нұржігіт. Болашақ жастардың қолында 6+

Нұрила Нұржігіт. Болашақ жастардың қолында - adebiportal.kz

Қазақстан қазір дамудың жаңа жолына бағыт алған. Рухани жаңғыруды мақсат еткен еліміз өркениеттің өріне ұмтылады. Бұл жолда тұрақтылық пен тұтастықты, білім мен бәсекеге қабілеттілікті ту еткен халқымыз қашанда жастарға ерекше үміт артады. 


Алаш арысы Мағжан Жұмабаевша айтсақ, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» жастар елінің экономикасын, білімі мен ғылымын, мәдениеті мен спортын дамыту арқылы оның халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында еңбек етеді. Солай болған, бола бермек. Себебі қоғамның әрдайым қозғаушы күші – жастар.

Жаңа Қазақстан жастарына да ерекше талап қойылады. Бұл бүгінде баршаға түсінікті. Қазіргі жастар – жан-жақты білімді, өз саласы бойынша заманауи технологияларды меңгерген, бірнеше тілді білетін, ойы озық, қиялы ұшқыр, әрекеті еркін, армандауға қорықпайтын, мақсатына міндетті түрде жетуді көздейтін, жаһандық құзыреттілік пен ұлттық құндылықты бойына бірдей сіңіре білген жан. Заман, жаңғыру кезеңінің талабы сондай. Мұндай қасиеттерді қалыптастырған жастар өз саласының биігіне ұмтылады, білікті маман болуға тырысады. 

Еліміз дамудың жаңа жолына түскен кезде жас мамандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Мәселен, жастарға арналған ипотекалық бағдарлама, түрлі атаулы шәкіртақылар, әлемдік үздік оқу орындары мен ғылыми мекемелерінде тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. Жастардан кадрлық резерв құрылды. Мұның барлығы білімді де білікті жастардың ресурсын еліміздің даму жолында пайдалану мақсатында жасалып жатқанына сенімдімін. Және бұл саясатты қолдаймын. Себебі әрбір адам Отанынан кіндігін ажыратпай, өзінің барлық әлеуетін туған жеріне жұмсауы керек деп санаймын. Бұл отансүйгіштік қасиетке байланысты. Ал отансүйгіштікті дамытудың бір жолы – рухани жаңғыру, адамның өз тарихын, ұлттық дәстүрі мен өнерін, шыққан тегін, әдебиеті мен мәдениетін білу, құрметтеу. Ендеше жаңғыру жолында жас маманның білімі мен біліктілігі қаншалықты қажет болса, жас маманның ұлтжанды, ел болашағын ойлайтын адам етіп қалыптасуына жаңғыру саясатының ықпалы мол. 

Қорыта айтар болсам, «Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы» деген Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев олардан нәтижелі жұмыс пен жаңа идея күтетінін айтқан. Сондықтан да  жастар қай салада, қай қалада, қандай мекемеде қызмет етсе де, өз жұмысын адал атқарып, сол салада жаңа идея мен нәтижелі еңбегін көрсетсе, жаңғыру жолына қосқан үлесі сол болмақ.

Нұрила НҰРЖІГІТ, 

Астана қаласы 91 мектеп-гимназиясының 

11 сынып оқушысы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар