Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Оқы. Шабыттан. Жаса.» әдеби блогерлер байқауы...

09.06.2017 12243

«Оқы. Шабыттан. Жаса.» әдеби блогерлер байқауы

«Оқы. Шабыттан. Жаса.» әдеби блогерлер байқауы - adebiportal.kz

Құрметті студенттер, оқушылар!

 

Қазақ ұлттық өнер университетінің Ақпараттық-кітапхана қызметі мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» жоғары оқу орнының студенттері мен арнайы орта оқу орындарының оқушылары арасында Қазақ ұлттық өнер университетінің (2018 ж.) 20 жылдығына орай «20 жылдыққа – 20+2 кітап» жобасы аясында «Оқы. Шабыттан. Жаса.» атты республикалық Байқауын жариялайды.

 

 

«20 жылдыққа – 20+2 кітап» жобасы аясында көрсетілген кітаптарды жазғы демалыс және бос уақыттарыңызда оқып шығуға кеңес береміз. Кітаптарды «Әдебиет порталы» интернет-жобасынан онлайн түрде немесе Университет кітапханасынан алып оқуға болады.

 

Байқауға қатысуға ниет білдірген студент жастар мен оқушылар аталмыш жобадағы кітаптарды оқып шығып, ұнаған шығарма желісінде киносценарий, драмалық шығарма, поэзия, қысқаша мазмұн, эссе, музыкалық шығарма немесе сурет, мүсін, қысқа метражды кино (ролик, трейлер), фото, жарнама түрінде шығармашылық материалдарын «Әдебиет порталындағы» тіркеліп, «Ашық мінбер» әдеби блогына («20 жылдыққа – 20+2 кітап» жобасына) деп 2017 жылғы 1 қарашасына дейін орналастыруға тиісті.

 

Әдеби блог хештегі #Оқы #Шабыттан #Жаса.

 

Шығармашылық материалдардың түпнұсқасы Университет кітапханасына өткізілуі тиіс.

 

Іске сәт!

 

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІН ОСЫ СІЛТЕМЕДЕН ЖҮКТЕУГЕ БОЛАДЫ: БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ

 

Әрбір студент оқу үшін ұсынылған кітаптар:


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар