Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
Сайлау Батырша-ұлы 75 жаста ...

31.01.2017 4026

Сайлау Батырша-ұлы 75 жаста

Сайлау Батырша-ұлы 75 жаста   - adebiportal.kz

0a838474308016ae9ad65dbd2146fd78.JPG

2017 жылдың 20 қаңтарында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, профессор, экономика ғылымдарының докторы Сайлау Батырша-ұлының 75 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының дипломатиясы: қалыптасуы, дамуы және келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген ЕҰУ ректоры, академик Е.Б.Сыдықов: «Мұндай үлкен қызмет жасаған тұлғаның мерейтойы бір-ақ күнде өтуі мүмкін емес. Осы мерейтойға орай түрлі іс-шаралар жоспарланған, соның бірі осы ғимаратта өтіп жатыр» дей келе, Сайлау Батыршаұлының халықаралық ұйым қызметкерлерін тәрбиелеуге ат салысып жатқанын атап өтті. 2017 жылдағы университеттің ең алғашқы «Күлтегін» төс белгісі Сайлау Батырша-ұлына бұйырды.

fa84af8705740215c625a861cf2fb766.JPG

Сайлау Батырша-ұлын құттықтауға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Василенко Р. Ю., қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры Әубәкіров Т.О. келді. Конференция барысында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев, ҚР Президентінің көмекшісі Нұрлан Онжанов тәрізді айтулы тұлғалардан келген құттықтаулар легі  таныстырылды. Оған қоса Мұрат Алмасбекұлының «Тәуелсіздік жолындағы дипломатия» атты эссе-диалог кітабының тұсаукесері өтті. Конференцияның І бөлімі Сайлау Батырша-ұлының алғыс сөзімен аяқталды.  

 

adebiportal.kz 



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар