Бүгін Қосшы қаласында "Абай жолы”, «Міржақып. Оян қазақ!», «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаяларының сценаристі, баршаға белгілі «Дайағашшы» кітабының авторы, ақын, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлының “Көне жұрттан көшкен жыр” атты оқырмандарға арналған шығармашылық кездесу кеші өтті!
Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы құттықтау сөз сөйлеп, естелік сыйлық табыс етті. Сондай-ақ қала әкімдігі "Дайағашшы" кітабының соңғы басылып шыққан нұсқасын сатып алып, автордың қолтаңбасымен оқырмандарға тарту етті.
Кеште Ұларбек Нұрғалымұлы өлеңдерін оқып, оқырмандар сұрақтарына жауап берді.
Оқырмандардың жазушының шығармашылығына деген қызығушылығы өте жоғары. Бұл қатысушылардың көңіл күйінен, қойған сұрақтарынан білініп тұрды.
Дәстүрлі әндер орындалып, көрерменге рухани демалыс сыйлаған тамаша кездесу болғаны даусыз.
Кездесу кешін қалалық Мәдениет үйінің директоры Баянды Сахарияұлы жүргізді.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.