QALLEKI ТЕАТР ЛАБОРАТОРИЯСЫ
МАУСЫМ АЙЫНЫҢ 7-8 КҮНДЕРІ
«ВОЙЦЕК» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫН ҰСЫНАДЫ
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының «QALLEKI театр лабораториясы» маусым айының 7-8 күндері «Войцек» спектаклінің премьерасын ұсынады.
Жанры – драма. Авторы – Георг Бюхнер. Қазақ тіліне аударған – Ләззат Қайратқызы. Режиссер – Ұлан Қабыл. Қоюшы суретші – Шынар Елембаева.
Спектакльде Войцектің рөлін жас актер Ақжол Мамыр сомдайды. Сонымен қатар, спектакльге жас актриса Аяужан Малғаждарова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов, Мәдениет саласының үздіктері Жәнібек Мұсаев, Дастан Әлімов, жас актер Марғұлан Наменов қатысады.
Аннотация:
Ол жерден таппағанын көктен іздеп көріп еді. Ай дегені семген екен, күн дегені сөнген екен. Жұлдыздары жыпырлаған қоңыз боп, шын дегені жалған екен.
Ол көктен жерге, өзі алғаш кеткен жерге оралып еді. Жер дегені қазан екен, сол қазандай өзі де соқа басы сопайып қалған екен. Бүгін де сізге көрінген, ертең де сіз байқайтын: Жападан жалғыз көз жасына ерік берген сол жан екен.
Қойылымда А.Байтұрсынұлының, Ш.Құдайбердіұлының, С.Торайғыровтың, Омар Хайям, М.Жұмабаевтың өлеңдері қолданылады.
Еркін шығармашылыққа арналған «QALLEKI театр лабораториясы» 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бұл зертхана – жастардың театр саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтетін өнер кеңістігі. Лабораторияның мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау.
Өтетін күні мен басталу уақыты: 7 маусым 19.00
8 маусым 18.00
Өтетін орны: Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының кіші сахнасы (Астана қ, Қ.Қуанышбаев көшесі 8/1)
Аккредитация үшін: kazteatr@mail.ru
+ 7 705 9902595 (whatsapp)
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.