Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жетісу көктемі» мәреге жетті...

25.05.2023 3300

«Жетісу көктемі» мәреге жетті 14+

«Жетісу көктемі» мәреге жетті - adebiportal.kz

Жетісу облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Janr Жетісу әдеби клубы бірлесе ұйымдастырған, «Әдебиет порталы» бас ақпараттық демеуші болған «Жетісу көктемі» республикалық прозашылар байқауы биыл алғаш рет өтіп отыр. Байқаудың негізгі мақсаты – қазіргі әдеби үдеріске серпін беру. Жас прозашыларды қанаттандыру. Қазақ әдебиетіндегі жақсы шығармалар қатарын толықтыру. Ел мәдениетіне, казақ әдебиетіне үлес қосып жүрген танымал тұлғаларымыздың шығармаларын жас ұрпаққа үлгі ету, ұғындыру, олардың патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу болатын. 

Байқау әр жылда әр түрлі мерейтойлар мен айтулы оқиғаларға арналып, прозаның әр саласы бойынша өткізуді жоспарлаған еді. Биылғы байқау Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына, Сәкен Иманасовтың 85 жылдығына, Шәкен Күмісбайұлының 80 жылдығына, Қайрат Әлімбековтың 60 жылдығына арналып отыр.

Байқау прозаның повесть жанры бойынша өтті. Оған 21 автордың шығармасы қатысты. Барлық шығарма авторы көрсетілмей реттік нөмір бойынша https://adebiportal.kz порталында жарияланды. Қазылар алқасына да сол тәртіппен авторының аты-жөні жазылмаған күйі жолданды. Әу бастағы жоспар бойынша үш негізгі жүлде, төрт арнайы сыйлық тағайындалу көзделген болатын. Бірақ жүлдеге лайық шығармалар саны ескеріліп, қосымша тағы да үш жүлде тағайындалды. Бұл ретте бізге демеушілік көрсеткен Respublica партиясы мен ақпараттық серіктес болған https://adebiportal.kz  алғыс айтамыз.

Сонымен, «Жетісу көктемі» республикалық прозашылар байқауының жүлдегерлері, қазылардың бір ауыз шешімімен былай деп анықталды.

Шаймерденова Самал Зікірияқызы «Қасқыр емген кейуана» шығармасы үшін 1-орын, Жадыра Шамұратова «Мылқаудың сыбыры» шығармасы үшін 2-орын, Қанат Әбілқайыр «Алтын бала» шығармасы үшін 3-орын, Нұрбек Нұржан Нұржанұлы «Нүкебайдың жұмбақ кітабы» шығармасы үшін 3-орын иегері атанды.  

Әлихан Жақсылық «Туранде сарқырамасына келген соңғы жолаушы» шығармасы үшін Кемел Тоқаев атындағы арнайы жүлде, Зиядабек Нұрасыл «Әйкеннің балтасы» шығармасы үшін Шәкен Күмісбайұлы атындағы арнайы жүлде, Айзат Рақыш «Көз байланғанда» шығармасы үшін Сәкен Иманасов атындағы арнайы жүлде, Асхат Бақытұлы Өмірбаев «Әблақат» шығармасы үшін Respublica партиясының Жұматай Жақыпбаев атындағы арнайы жүлде, Жанель Бура «Бұлыңғыр» шығармасы үшін Қайрат Әлімбек атындағы арнайы жүлде, Сапарова Ақлима Исмаилқызы «Мақтақыз» шығармасы үшін Заман Төлеуов атындағы арнайы жүлде иегері атанды. 

 

Ұйымдастырушылар: 

Janr Жетісу әдеби клубы

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы

Жетісу облысының халық шығармашылығы орталығы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар