2017 жылдың 9-11 ақпан аралығында Алматы облысы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық саябағында орналасқан «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультеті «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Дата журналистика матрицасы ретінде Цифрлық сауаттылықтың жаңа мүмкіндіктері» атты IV Халықаралық журналистика және коммуникация Қысқы мектебі өтті.
Қысқы мектептің негізгі мақсаты – интернет және цифрлық сауаттылық мәселелері бойынша жаңа дағдылар мен құзіреттілікті үйрену, цифрлық радио технология бойынша жаңа білім және тәжірибелік дағдыларды үйренуде цифрлық медиа саласында білім көкжиегін кеңейту болды.
Қысқы мептеп серіктестері – Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы, ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюросы, «Тұран» университеті, «Қазақ университеті» баспа үйі. Aл, ақпараттық қолдаушылары – «Қазмедиаорталығы» Басқарушы компаниясы» ЖШС, «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан» РТРК, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ҚҚ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атындағы ТРК болған қысқы мектепті нәтижелі өтті деп айтуға болады.
Қысқы мектептің ашылу салтанатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы «Медиасфера» гуманитарлық ғылыми-зерттеу орталығы директоры, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева қатысушыларға сәттілік тілей отырып, қысқы мектепті ашық деп жариялады.
Ашылу салтанатынан кейін, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директоры м.а. Андрей Шевелев, ҚР БҰҰ Ақпараттық Бюро басшысы Властимил Самек, Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік бюросы коммуникация және ақпарат мәселелері жөніндегі маманы Сергей Карпов және Қазақстан мен Қырғызстан жоғары оқу орындары оқытушылары құттықтау лебіздерін білдірді.
IV Қысқы мектеп Data Journalism: цифрлық деректерден – сапалы контенттерге. Фактография. Визуализация. Трансформация триадасы және метажурналистика. Дата журналистиканың коммуникациялық моделі және технологиясы негізгі модульдары бойынша жұмыс істеді.
Үш күнге созылған бұл семинар-тренингке жеке және топтық тәжірибелік сабақтар, пікірталас, таныстырылым және сұрақ-жауап пен талдаулар қамтылды. Кешкілік мәдени бағдарламалар да ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, магистранттар мен PhD докторанттар, онлайн медианың редакторлары мен республикалық және аймақтық БАҚ журналистері қатысты.
Бүкіләлемдік радио күніне арналған бұл шара – мол позитив пен жаңа әсерлерге толы болды. Курс соңында қатысушыларға 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру жөніндегі куәлік пен арнайы дипломдар табыс етілді.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.