«Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартты

Бөлісу:

19.08.2014 5041

600_bbccd1f013998b703dc304e5947c0555.jpg16 тамыздан бастап «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан жас ақындардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық «Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартты.
Оның мақсаты – поэзияны жаңа қырынан,  жаңа форматта таныту, өлең оқуда биік талғам қалыптастыру, ағартушылық бағытта жұмыс жасау, бүгінгі қазақ поэзиясының жеткен жетістіктерін көрсету, жаңа леп әкелген есімдерді анықтап, таныстыру.
Отандық телеарналарда поэзияға, әсіресе, жастар поэзиясына арналған жеке бағдарлама жоқ. «Поэзия әлемі» – бүгінгі қазақ ақындарының өмірі мен тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктері және олардың поэзиясымен таныстыратын бірегей жоба.
Сонымен қатар, жеке ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару және оның өміріндегі ең қызықты, ең қайғылы немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез-құлқы мен болмысын ашып көрсету шығармашылық топтың алдында тұрған негізгі мақсат болды.
«Поэзия әлемінің өзге әдеби-танымдық бағдарламалардан ерекшелігі – жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсірілді. Өлеңсүйер қауым «Поэзия әлемі» бағдарламасын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан  әр сенбі сайын сағат 12.55-те  көре алады.

adebiportal.kz


Бөлісу:

Көп оқылғандар