Төлен Әбдік – Түркі әлемі әдебиетінің жыл адамы

Бөлісу:

17.02.2014 4086

IMG_6548.JPG

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Еуразия Жазушылар одағы және «Эскишехир – түркі әлемінің мәдени астанасы» агенттігінің ұйымдастыруымен Түркияның Эскишехир қаласында жазушы Исмайл Гаспыралының туғанына 100 жыл толуына орай «VI Түркі Әлемі әдебиет журналдары конгресі» өтіп жатыр. Конгрестің ашылу рәсімінде ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов, Еуразия Жазушылар одағының төрағасы Якуп Делиөмероғлу және Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев сөз сөйледі. Бауырлас елдер әдебиетшілері бас қосқан конгреске Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Татарстан, Қырым татарлары, Косова, Қарашай Малқар, Солтүстік Кипр Түрік мемлекеті, Гагауыз, Түркия, Ирак, Иран секілді елден келген ақын-жазушылар мен әдебиет журналдарының редакторлары Түркі әлемінің әдебиеті жайлы ойларын ортаға салды. Ашылу салтанатының соңында ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов пен Эскишехир қаласының губернаторы Гүнгөр Азим Туна ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Төлен Әбдікке «2013 жыл - Түркі әлемі әдебиетінің жыл адамы» сыйлығын салтанатты түрде тапсырды.


 

 

adebiporatal.kz

Эскишехир қаласы

Бөлісу:

Көп оқылғандар