Сәкен Жүнісовті еске алу кеші өтті

Бөлісу:

19.06.2014 4219

Кеше Елордада Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен иісі қазаққа танымал тұлға, Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Сәкен Жүнісовті еске алу кеші өтті. Қазақ әдебиетінде өзіне ғана тән стилімен, кең тынысты суреткерлігімен танылып, соңына қайталанбас туындылар қалдырған қаламгердің «Ақан сері», «Заманай мен Аманай» романдарын білмейтін адам кемде-кем.

Сәкен Жүнісов – әдебиет пен теартдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Көптеген орыс ақын жазушылардың шығармаларын, романдарын тағы басқа қазақ тіліне аударған. Және тағы да шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Қазақтың көрнекті жазушы-драматургі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. С.Жүнісовтың драматургиясы тақырыбының сонылығымен, көтерген мәселелерінің оқиға байлығымен шұрайлы тілімен ерекшелінеді. Сәкен Жүнісов – ұлттық прозамыздың, драматургиямыздың байрағын желбіретіп, оқырманына сүбелі-сүбелі шығармалар берген қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің бірі. Ол замана шындығын өз шығармаларында шынайы көркемдікпен бейнелеу шеберлігімен әдебиет тарихында өз орнын алды. Проза мен драмутургияны қатар ұстап, бұл орайда қапталына жанды ертпей келе жатқан кең тынысты, қуаты мол, қарымды, дарынды қаламгер.

Қабырғалы қаламгердің туындыларынан көрме ұйымдастырылып, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрында «Қысылғаннан қыз болдық» драмасынан сахналық қойылым көрсетілді.


adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар