Әкім Таразимен жүргізілген интернет-конференцияның жауаптары

Бөлісу:

20.11.2014 2959
jp.jpg
Әкім Тарази – ақиқатты бүкпесіз, ашық айтудан айнымаған, жалтақтауды, жалпақтауды білмейтін, дақпыртты, даурыққанды, желпініп-желіккенді жақтырмайтын, өзімен-өзі оңаша болғанды ұнататын, шығармашылық өнерге аса жауапкершілікпен қарайтын дара суреткер. Әдебиетке өз соқпағын сала берген, ешкімге ұқсамайтын, қайталанбайтын өз стилін, өз мінезін қалыптастырған, шығармаларында өзі өмір сүріп отырған дәуір адамдарымен де, өзінен кейінгі ұрпақпен де сырласа алатын, ұғыныса алатын кесек характерлерді туғызған тұлға. 
Қаламгер Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері. Бірқатар кітаптары орыс, венгр, чех, неміс тілдерінде жарық көрген. 2002 жылы «Жаза» романы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.  
«Әдебиет порталы» интернет-жобасы Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург – Әкім Таразимен интернет-конференциясын ұйымдастырған болатын. Қаламгердің интернет-конференцияға келіп түскен сұрақтарға берген жауаптарын мына жерден оқи аласыз.






adebiportal.kz

Бөлісу:

Көп оқылғандар