Әбу Насыр әл-Фарабидің ақындық туралы айтқандары (жалғасы)

Бөлісу:

17.02.2017 5627

(Басы)

Аса қамқор, мейірімді Алланың атынан «Поэзия өнері туралы» 1 кітапты бастаймын2.

Поэзиялық шығармаларды құрастыру барысында арабтар төмендегідей ережелерді сақтап отырды:

1. Бәйттер3 – белгілі немесе өзіндік соны, немесе дәстүрлі сөз тіркестеріне аяқталуы керек болды. (Бізге поэзиялық шығармалары таныс көптеген халықтардан арабтардың айырмашылығы сол, олар бәйттердің аяқталуына ерекше көңіл бөлген, дәл сондықтан да олардың бәйттері әдемі және жетілген (туынды) болды.)
2. Бәйттердегі ауызша айтылымдардың мағынасы зат болуы тиіс, яғни (сөз болып отырған) еліктеуші4 зат болуы керек.
3. Ауызша айтылымдар ритмикалық тұрғыда қурылуы тиіс.
4. Ауызша айтылымдар бөліктерге бөлінуі тиіс.
5. Ауызша айтылым бөліктерінің саны ырғақ, стоп, сабаб5 және уададтар6 тұрғысынан алғанда анық болуы керек.
6. Бөліктердің әрбір өлең өлшемінде орналасу реті анық болуы керек.
7. Құраушы элементтердің бір бөлікте орналасуы басқа бөлікте орналасқандайы сияқты болуы керек, (айтылу уақыты бойынша бөліктердің теңдігіне осылайша қол жеткізіледі).
8. Әрбір өлшемде ауызша айтылымдар белгілі бір ретпен орналасуы керек.
9. Бөліктер анық аяқталуы тиіс, өйткені олар бір ғана дыбыстардан немесе айтылу уақыты бойынша бірдей дыбыстардан құрастырылған.
10. Ауызша айтылған бөліктердің мағынасы да дәл солай (әңгіме болып отырған) еліктеуші затқа ұқсайтын болуы керек.
11. Ауызша айтылым үйлестірілген болуы керек.



6d0a895e7d2dc9744e2ea7d7bc3ef0f9.jpg



Соңғысы жөнінде, өлең жолдарын үйлестіретін бір халықтың әуендері оның кейбір дыбыстары сияқты өлеңнің құрамдас бөліктері болып табылады деп айтуға болады. (Егер олардың өлеңдерінде әуенсіз айтылым орын алатын болса, онда дәл сол қандайда бір дыбыстың болмаған жағдайындағы сияқты, әдетте, өлеңнің жазылу көлемі бұзылады.) Ал басқа халықтарда (өлеңді құрастырған кезде) дыбыс деңгейіндегі сияқты мұнда да әуен қолданылмайды, әуелі, керісінше, өлеңдер, мысалы, араб поэзиясындағы сияқты, тек дыбыстарды ғана қолдану арқылы құрастырылады. Мұнда, егер өлеңдер үйлестірілетін болса, онда әуен ырғағы өлеңнің өзінің ырғағын бұзатын болады, ал соның салдарынан өлең ырғағы жоғалып кетеді. Сондықтан әуенді өлеңде қолданған адам, дәл оның дыбыстары сияқты өлең өлшемі бұл жағдайда бұзылуы мүмкін дегеннен қауіптенуі керек. Халықта және көптеген ақындардың арасында (қарапайым) айтылған сөздер өлең жолдарының өлшеміне сыйдырылған кезде ғана және теңдей уақыт аралығында айтылатын бөліктерге бөлінгенде ғана ол өлең болады дейтін пікір қалыптасқан. Алайда олар мұнда өлең затқа еліктейтіннен құрала ма әлде жоқ па деген жағдайды ескермейді. Сондай-ақ, олар ауызша айтылған өлеңнің өз тілі аясындағы жағдайы қандай дегенге көңіл бөлмейді: олардың көркемдігі, олардың әуелі жалпыға мәлімдігі әрі жалпының қолы жететін ауызша айтылымдарға басымдылық беретіні оларға жеткілікті. Олардың көпшілігі, (алдыңғы) айтылғандармен қатар, (өлеңнің) аяққы бөліктерінің теңдігі ережесін сақтауды талап етеді, ол (бөліктердің) осы аяққы жақтарының бірдей дыбыстарға немесе бірдей уақыт аралығында айтылатын дыбыстарға бітуінде болып табылады. Сонымен бірге, (грек ақыны) Гомер өлеңдерін қарастырған кезде оның өлең соңдары тендігін сақтамағандығы көрініп тұр7.

Егер айтылым зат бейнелейтіннен туратын болса және өлең өлшеміне сыйғызылмаған әрі ырғағы болмайтын болса, онда ол өлең болып есептелінбейді, ал, керісінше, ол поэтикалық айтылым болып есептеледі. Ал егер айтылым мұнымен қатар тағы өлең өлшеміне сыйғызылатын және бөліктерге бөлінген болса, онда ол бұл жағдайда өлең болады.

Көне ақындардың өлеңдерінің құрылымы және оның мәні екі түрлі ережені сақтауға тоғыстырылды:

              1. Өлең зат еліктейтіннен туратын айтылым болуы керек.
2. Өлең бірдей уақыт аралығында айтылатын бөліктерге бөлінуі тиіс. Ал өлең құрастырудың қалған ережелерін сақтау міндетті емес болып есептелінді, онда бұл ережелерді сақтау деген мәселе поэзиялық шығармаларды жетілген және айбынды етіп отырды, өйткені өлең құрастырудың бұл ережелері тек затқа еліктен білуді ғана емес, сонымен қатар, сол арқылы еліктеу әрекеті жасалынатын затты білуді де талап етті. Олардың ішіндегі біршама төмен дәрежедегі (маңыздысы) өлең жасау өлшемін сақтау ережесі болды. Еліктеу риторика саласында да жеңіл қолданылуы мүмкін, дәлірек айтқанда: өте жақын, түсінікті және барлығына белгілі заттарға қатысты жағдайда болуы мүмкін. Мүмкін, көптеген ораторлар, табиғатынан поэзиялық жолдармен айту қабілетіне ие бола тура, риториканың талап еткенінен де жиі еліктеуді қолдана отырып, қателіктер жіберген болар. Бұл ораторлардың айтқандары сенім ретінде қабылданбады және көп адамдар оны риторикалық әсіре сілтеушілік ретінде қабылдады. Ал шын мәнісінде бұл айтылымдар поэзиялық құбылыс болып табылды және осы ораторлардың риторика саласынан поэзия саласына ауытқуын білдірді.

Көптеген ақындар, сондай-ақ, адамның көзін жеткізе айту табиғи дарынына ие болды. Олар ол өлеңді құрастыра білді және оларды өлең өлшеміне сыйғыза білді, соның салдарынан ол айтылымдарды коп адамдар өлең ретінде қабылдады. Шын мәнісінде олар ол кезде риторикалық айтылымдар болып табылды және сол ақындардың (поэзия саласынан) риторика саласына ауытқуын білдірді. Көптеген ораторлар өздерінің ділмар сөздерінде осы екі мәселені үйлестіріп отырады. Көптеген ақындардағы да жағдай осындай. Бутан мысал ретінде поэзиялық шығармалардың және поэтикалық айтылымдардың көпшілігі дәл сондай болатынын, яғни олар (әңгіме болып отырған) заттарға еліктеуші заттардан құралатын жағдайды келтіруге болады.

Затқа еліктеу іс-әрекет және айтылымдар арқылы болуы мүмкін. Іс-әрекет арқылы болатын еліктеу екі түрге бөлінеді:

1. Адам өз қолымен қандайда бір нәрсеге ұқсас нәрсені жасайды. Мысалы, адам адамға және т.б. дәлме-дәл ұқсайтын қандайда бір мүсіндік шығарманы жасайды.
2. Адам қандайда бір адамға және т.б. ұқсастырып әрекет жасайды.

Сөз сөйлеуге еліктеу болса сөз құрастыру болып табылады, онда (әңгіме болып отырған) еліктенуші зат осы (еліктенетін) затқа еліктеуші (басқа) затты көрсету арқылы қамтылады немесе айтылады.

Затқа ұқсайтындардан құралатын (мұндай) айтылымдар арқылы сол заттарды не заттың өз ішінде, не басқа заттың ішінде ойша көз алдына елестетуге қол жеткізіледі.

Сонымен сөз сөйлеу арқылы еліктеу де, сол сияқты, екі түрге бөлінеді:

1. Затты заттың өз құрамында көз алдыға елестету.
2. Затты басқа заттың құрамында көз алдыға елестету.

Мысалы, әлгі зерттеулерде осылайша болып отырады. Бұл түрлердің ішіндегі біріншісі заттың өз ішіндегі зат туралы білім береді, мысалы, анықтама. Екіншісі басқа заттың ішінде қарастырылып отырған заттың саны туралы білім береді, мысалы, дәлелдеу. Осыған негізделе отырып, (затты) көз алдыға елестету поэзияда да маңызды (деп айтуға болады), мысалы, білім – дәлелдеуде, пікір - топикте және көз жеткізу - риторикада маңызды. Коп жағдайда адам әрекеті оның елестетулеріне байланысты болады. Сонымен, ол қандайда бір затты басқа заттың ішінде елестете алады және соның негізінде осы заттың саны басқа заттың құрамында болатыны сезім немесе дәлелдеу арқылы анықталғанындай дәрежеде әрекет жасай алады. Ол бұл әрекетті егер оның (затты) елестетуі шын мәнісінде дұрыс болмаса да жасай алады. Сөйтіп, мысалы, адам өзі теріс сезімге бөленетініне ұқсас қандайда бір затты көрген кезде осындай болады. Мұндай жағдайда, оның елесінде сол сәтте оған сол затқа деген жеккөрушілікті орнықтырған зат пайда болады және ол одан қаша бастайды әрі әуелі егер сол зат шын мәнісінде оның түсінігіндегідей болмаса да ол одан шеттей береді. Еліктеу қолданылған сөзді естіген адаммен де сондай болады. Бұл жағдайда ол затта қандайда бір басқа заттың образын елестетеді. Ол егер адам (бұрын) сол басқа затты өз көзімен көрген болса және оның ойында сол заттың образы қалыптасқан жағдайда болуы мүмкін. Егер осыдан соң оған затты сөз сөйлеу арқылы сипаттайтын болса, онда ол туралы айтылымдарда оған бұрын оның ойында пайда болған сол басқа заттың образы елестетіледі. Қарастырылып отырған заттағы жақсылық, зұлымдық, әділетсіздік, жамандық пен игі істілік туралы бейнелі түсінікті туғызатын сөз (айтылым) солай әрекет етеді. Сонымен, адамның іс-әрекеті оның оймен елестетуіне жиі байланысты болады. Ол, сондай-ақ, оның пікірі немесе біліміне де жиі тәуелді болады. Бірақ, оның пікірі мен білімі ол ойша елестеткен затпен жиі қайшылыққа түсіп отырады. Мұндай жағдайда ол өз әрекетін пікір мен білімнің негізінде емес, керісінше, ол өзі елестеткен заттың негізінде жасайды. Ойша көз алдыға елестететін затты қолдану арқылы айтылатын сөз тыңдаушының қандайда бір іс-әрекетті жасау сезімін оятуға батытталған деп (атап айтуға болады), ол сезім қарастырылып отырған зат бейнесі арқылы шақырылады. Бұл оның бейнелі елесі дұрыс па әлде бұрыс па, шын мәнісінде ол солай ма әлде солай емес пе дегенге тәуелсіз (тыңдаушыда) пайда болатын көз алдына келтірілген затқа қол жеткізуге деген немесе одан аулақ болу, оны жою, жек көру сияқты, немесе не жақсылық, не зұлымдық әкелетін басқа іс-әрекет жасау сияқты қалауы арқылы көрініс табады. Адам қандайда бір затты бір нәрсемен ұқсастырған кезде де сондай болады. Ол заттың өзіне ұқсас жасай алуы мүмкін және сонымен бірге, ұқсас затқа ұқсас жасай алуы мүмкін. Сөйтіп, ол Зейд мүсінін мүсіндей алады және онымен бір мезгілде Зейд мүсіні бейнелеп көрсетілетін айнаны жасай алады. Біз Зейдпен таныс болмауымыз мүмкін, бірақ оның мүсінін көріп, біз онымен таныс болуымыз мүмкін. Біз онымен оның образын өзіміз көруіміз арқылы емес, керісінше, оның еліктеген нәрсесінің арқасында танысамыз. Біз оның мүсінінің өзін көрмеуіміз мүмкін, бірақ оның мүсінінің айнадағы бейнесін көруіміз мүмкін. Онда біз онымен танысамыз, өйткені оған ұқсайтын соның өзі тәрізді. Бұл жағдайда біз шын мәнісіндегі (Зейдтен) екі сатыға алыстаймыз. Дәл осы да еліктеу сипатына не болатын айтылымның салдары болып табылады. Бұл айтылымдар заттың өзіне ұқсайтын заттардан және заттың өзіне ұқсас заттарға ұқсайтын заттардан әрі осы заттарға ұқсас заттардан құралуы мүмкін.

Сонымен, еліктеу кезінде көптеген сатыларға заттан алшақтау болып отырады. Сол бір айтылымдар арқылы жасалынатын затты ойша көз алдыға елестету міне, осындай болады. Затты ойша көз алдыға елестетудің салдары дәл сондай одан көптеген сатыға алшақтау болып табылады. Елестетуде зат не нәрсеге тікелей еліктеуінің арқасында және айтылған сөзге, (қарастырылып отырған) затқа еліктеудің маңызына байланысты бір немесе екі заттың ықпал етуі жағдайында көз алдыға келуі мүмкін. Көп адамдар жақындағы заттарға қарағанда алыстағы заттарға еліктеу толығырақ жүзеге асырылады және ол жетілген болып келеді деп есептейді әрі сөзді ойлап табушы, дәл осылай істейтіндер, өз өнеріне көбірек жақын келеді және еліктеуге әрі оларды өз шығармашылығында қолдануға біршама турарлықтай дәрежеде деп есептейді. Кітап аяқталды. Аллаға мадақ.


ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР:

1. Бұл трактат аудармасы әл-Фарабидің «Кутуб алъ-Фараби фи ал-Мантик» деп аталатын логикалық трактаттарының Братиславтық араб қолжазбасының тікелей фотокөшірмесі бойынша орындалды.

2. Бұл трактатқа жеке атау берілмеген, бірақ ол сол кездегі мұсылман дінін ұстанатын авторлардың кез-келген араб тілді шығармалары басталатын және «Құранның» бірінші «сурах фатиат ал-китаб» (кітап беташары) деп аталатын сөресінің «би исм Аллах ар-рахман ар-арахим» деген бірінші жолынан туратын дәстүрлі (тілдік) айналымға енгізілген. Бұл сілтеме жасалынып отырған жолдар «Аса қамқор, мейірімді Алла үшін» (Құран I (I) 15 бет. М., 1963. И.Ю.Краковскийдің аудармасы) аударылады. Тек осыдан кейін ғана автор, әдетте, өзі баяндауға ниет еткен кітаптың немесе тақырыптың атын жазып отырған. Бұл трактатта оның аты «Китаб аш шиp» деп аталады, ол сөзбе-сөз – «Поэзия кітабы» - деп аударылады. «Аш шир» (поэзия) сөзі араб тілінде әрі ауызша көркем шығармашылық туралы ғылымды, әрі әдеби шығармашылықтың (поэзияның) өзін білдіреді. Трактаттың мазмұнына, сондай-ақ, литор жасаған: «қадам жасаушы өз өнеріне (поэзиясына) дәл осы і тұрғыдан келеді» дейтін оның қорытындысына негізделе отырып, трактат атында аш-шир – поэзия (өнері) туралы сөзінің бірінші мағынасын біз ерекшелеп көрсеттік. Бұл трактат – әл-Фарабидің ерекше туындысы.

3. Бәйт - екі жолдан туратын шумақ (строфа). Бәйттерден газелдер, қасидалар, рубаилер және басқа шығыс поэзиясының формалары құрастырылады.

4. Араб тіліндегі хака етістігі және етістік арқылы одан жасалған мухака зат есімі: еліктеу, көшіру, имитация жасау дегендерді білдіреді. Әл-Фараби бұл трактатта поэтикалық шығармашылықты еліктеуге еліктеу ретінде қарастырады, яғни Платон көзқарасын бөліседі, өйткені Платонның пікірі бойынша, заттар идеяға еліктейді ал өнер еліктеуге еліктеу болып табылады. Бұл қорытынды осы трактаттың мазмұнына талдау жасаудан келіп шығады. Хака сөзін әл-Фараби қатаң түрде термин ретінде қолданады.

5.Саба – екі дауыссыз дыбыстан құралатын буын. Белгілі болғанындай, араб жазуы тек дауыссыздарды және ұзақ дауысты дыбыстарды ғана белгілейді. Қысқа дауысты дыбыстар жазуда таңбаланбайды, ал оқылу процесінде дыбысталады. Бұл ерекшелік буынға бөлуде көрініс табады.

6.Уатад – үш дауыссыз әріптен туратын буын.

7. Гомер өлеңдерінің көрсетілуі тектен-тек емес. Араб метрикасы, сол грек метрикасы сияқты ұзын және қысқа буындардың кезектесуіне құрылған. Сонымен бірге, бұл – әл-Фарабиге Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссеясы» белгілі болды дейтіннің куәсі.



(«Поэзия өнері туралы» трактатынан. Аударған: Дәулетбек  Раев)













Әзірлеген Асылбек Жаңбырбай



Бөлісу:

Көп оқылғандар