Ер Олжабай
Ер Олжабай - батырлық жыр. Жырда 18 ғасырда Абылай хан тұсында өмір сүрген қазақтың атақты батырларының бірі Олжабай Толыбайұлының ерлігі баяндалады. Ел аузынан жазылып алынған, шығарушысы белгісіз бұл шығарма қазір Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Дастанда жырланатын батыр Орта жүз ішіндегі Арғынның Сүйіндік руынан шыққан. Шын аты - Алажақы, халық қойған лақап аты - Олжабай. Оның жорыққа шыққанда мінетін Тайкөк дейтін тұлпары болған. Алжақы жау шебін бұзарда Олжа-байлап шабады екен. Сондықтан Алжақының лақап аты да, ұраны да Олжабай болып, бүкіл Орта жүзге жайылған. Бұл дастанмен бірге атақты батыр өмірінің әр кезеңін бейнелейтін аңыз-әңгімелер, жеке жыр-өлеңдер де бар. Мыс., Олжабайдың батыр атануы атты аңыз-әңгімеде Олжабайдың қалмақ батырын жекпе-жекте өлтіріп, алғаш батыр атануы суреттелсе, Абылай ханның Сарыарқаны алғаны атгы аңыз-әңгімеде қалмақ ханы Қалдан Цереннің әскерін жеңіп қырғынға ұшыратқаны баяндалады.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3600
12.11.2026
2116
15.11.2026
1754
17.11.2026
1504
17.11.2026
1254
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4778
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3600
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
