Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Тұрсынбай Назерке


Тұрсынбай Назерке

«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі» білім мекемесі ілімгері

Өмірдің құр күйместен күйігіне

Өмірдің құр күйместен күйігіне,

Қара өлеңнің айналдың биігіне.

Тойланбаған сен барда туған күнің ,

Сен жоқта тойланады жиі міне.

 

Көп аңсаған ақындар азат таңын,

Оқырманның ойлаған озат халін.

Ұлы атамыз Таңжарық ойлап кеткен,

Бір ғасыр бұрын –ақ ойлап кеткен.

 

Ерліктің еркіндігі ерекше ұнар,

Бостандықтың бақытты бөлек тұрар.

Таңжарық атамыздың ұлылығын сезінбесе,

Елдің ұлы ұялу керек шығар!

 

Адам жұмбақ заманда дүрбелең,

Жаратылған жүрегімен бірге өлең.

У-ы барма Таңжарықтың ішпеген,

Алысқанда жалғыз өзі мыңменен.

 

Ақ сұңқар биік ұшса дала кезіп,

Жайқалады байтерек басын иіп.

Халқы үшін арнаған талай жырын,

Нар Қазақтың баласы дала кезіп.

 

Ұмытылмас еш бір жан!

22-июнде,

Фашистер  жүрдіжерімде .

Енді қауіп төнді деп,

Тапсырды елім зор міндет.

Жасағанда жауыздар қастандығын,

Бибіт елдің тыныштығын жойған күн.

Сұм фашистің тарихын білеміз ғой,

Соғысты 41 ашқандығын,

Жаулардың көзін жойдық 45-те,

Пушка мен атып жаншыған.

Жаулап аламын деп келіп.

Батырлардың.

Жеңе алмаған қазақтың биік рухын,

Отан үшін отқа түскен бабалардың.

Өшпейтін ерліктері дастан бүгін,

Атақтарың артуын тілеймін мен.

Жылдан, жылға асқандығын,

Аман- сау сұм соғыстан қалған ерлер.

Ел үшін ыстықта күйіп, суыққа төзген ерлер,

Құрметті қадірлі ардагерлер!!!

 

 

 

 

Ыбырай Жақаев

 

Сөнбес сәуле сепкен алаш елінде,

Күрішін еккен, қазақ жеріне,

Егілген ақ маржанды күрішің.

Шиеліде жайқалып тұр әлі де,

Еңбегіңіз біз үшін үлгі емес пе?

Күрішіңіз экспортталып жүр емес пе?

Экономикасын дамытып қазағымның,

Атағың тарған талай жерге.

Қара қолдың күшімен рекордтарға,

Еңбекпенен жеткенсіз сол бір таңға,

Күріші шарлап қазақпен әлем арасын,

Жақаев деп танып жатыр қазақтың байтақ даласын.

Әр ісі бізге рухани азық секілді,

Жақаевтай биік тұлғаны қайдан табарсың,

Жақаев мұра, ұрпақтан – ұрпаққа жалғанған,

Ақ маржанды күріші назардан қалмаған.

Білім, еңбек, еркіндікті арман қып,

Жас қауымға жазған екен сабақ қып,

Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,

Жақаевтай егінші болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,

Болашаққа Жақаев жарқын өмірді тіледі,

Өлмей тұғын артына із қалдырған,

Жақаев атамыздың күріші бізбен бірге келеді.

Көп оқылғандар