Ақын Гүлзада Ниетқалиева дүниеден өтті

372

Ақын Гүлзада Ниетқалиева дүниеден өтті - adebiportal.kz

Ақын, журналист, сыншы-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Гүлзада Рахметқызы Ниетқалиева дүниеден өтті. 

Ақын Гүлзада Рахметқызының бірнеше жыр жинағы жарық көрген. Сонымен қатар ол – әдеби сын мен публицистика жанрында да кең құлаш сермеген қаламгер. Рахымжан Отарбаев пен Есенғали Раушанов шығармашылығына арналған зерттеу еңбектері соның айғағы. Сондай-ақ баспасөз саласында да ұзақ жылдар бойы адал қызмет етті. 

Ақынның бауырлары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жуырда ғана «Әдебиет порталына» ақынның бір топ өлеңдері жарияланған еді. 

БІР ЖЫЛЫ СӨЗ

 «Париж — миллиондардың жалғыздығы...»

Франсуа Моруа

Мынау сұрқай, тас қалаға тұтқын боп,

Жалғыздардың шер-наласын ұқтым көп…

Көк түтіні көрсетпейтін аспанын

Сұр қаладан азат болып шыққым кеп...

 

 Жанталасқам... қол созбады еш пенде,

Көкірегінен жарық сәуле көшкен бе?!

Ай-жұлдызы көрінбейтін аспанға

Қарауменен шаршайтынмын кештерде.

 

 Адамдар да... бұл қалада тас түйін,

Қиналса да алмай көзге жас түйір...

Бір-бірінен мықтылығын дәлелдеп,

Бір-біріне болмас және босқа үйір...

 

 Жалғыздыққа жүректегі пенде боп,

Көңіл бұлтын көрсетпеймін елге көп...

Түйір тамшы еншілеген аспаным,

Тереземді айғыздайды «сенбе» деп...

 

 Қала солай... жалғыздықтар мыңдаған,

...Жүрегімнің арыз-мұңын тыңдағам.

Мұңлықтарын аяп үнсіз күрсінер,

Жөргегінде құндақтаған бұл ғалам.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Қос қасиет

22.10.2026

1944

Taza Qazaqstan