Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Туремуратова Аяулым


Қостанай қаласының тұрғыны

Атамыз біздің -Таңжарық

 


Атамыз біздің -Таңжарық Жолдыұлы,

Даусыз дарынды елдің қыран құсы.

Сіз аңсаған бақыт қонды - егемендік,

Сұғылып топырақ бетіне көктің туы.


Қайта өліп, қайта тірілген нар еріңе

Басты иеміз, құрметтейміз нағыз серіңді.

Алашымды, халқым, қалмай бірісінде,

Ұмытпашы, аш кілтпенен тарих есігіңді.


Ақ түйенің қарны жарылды таң он бесінде,

Бесік көрді шикі өкпе омырау, құрсақ кезінде.

Мектепке келді шөжеміз жауқазын боп,

Қазақ, қытай алфавитін сақтап тұмсық сөзінде.


Ақынымыз қайтпас кеуде алаш үшін туылған,

Азат үшін қиқулап қаздай жалғыз қалып шулаған,

Болат семсер отта жүріп күлі шықпай жанбаған,

Жерді қазып алтындарын шығаруды қоймаған.


Сетіккөгі оқтай атылып зымырандай зулаған,

Елін асып қазақ мұңын домбырамен тулаған,

Үніне күйдің жала жауып қытай зұлым билігі,

Қамап қойып азаптықпен жан төзгісіз улаған.


Текті бол деп ағызып тамыздың тасқа қанды бояумен,

Ояу бол деп газет шығардың заңмен, жөнмен, баяумен.

Білімхана патшасы болдың ұзтаз-шәкірт ұжымына,

Мектеп ашуға үлестестің кетсендағы түрме құжығына.


Сеуіп кеттің бидай дәнін алтын қор азыққа,

Жұлдыздай ағып кеттің аспан қара жазыққа.

Ғасыр асып кетседағы шеккен тар, аз уақытың,

26 жыл өтіп орындалды көксеген ақ бақытың!


Наурыз тойы


Ақ ұлпа қар жауып тұр қыстауда,

Көктем келер гүл құшақтап алайда.

Бие төлдер, көгерер жер, көліміз,

Бешпет киіп түрленер тау, шөліміз.


Ұлыстың күні күтеді тігіп алтыбақан,

Сұлтандарым жүреді киіп бөрік, шапан.

Атбегілер, бек, төрелер қауы ыз бәс тіктірер,

Ат жарысқа құлагерін тіккендей Ақан.


Сары қымыз, тары, күріш көжеміз,

Лық толады торсық аяққа сөреміз.

Ыстық нанды қыздырпды қазанға,

Дәмін алар әркім, бауыр, ағаң да.


Ырысы мол құтты наурыз мереке,

Қыртысы жоқ тігілген бақ береке,

Текемет ою, киіз басу, ұршық иіру

Асқан одан қызға өнер керек пе?


Нышаны келді дәстүріңнің барша түркі ұлтына,

Тең ашады ай, күніміз шымылдығын жұртыма.

Сүтті болсын жаңа жылың, тойдың сәні-салтанат,

Тазарсын тән, түлесін байлық, ердің сәні-қанағат.


Суырып салма тасты бұзған қылыш өткір сөзшілер

Моншақтан сөз маржанын жібінен үзіп сөгеді.

Текті сөздің төрешісі - термешілер, күйшілер

Домбырадан күй салмағын астарлап қазып төгеді.


Арпа, бидай, жеті дақыл астың дәмі

Тілде қалар үш күн, үш түн кетпес мәңгі.

Ертегінің кейіпкері ауыл-ауылды аралап,

Бауырсақтай қашып кетер әжесінен доңғалап.


Бағалау


Білесіз бе, өмірде не қымбат?

Барды бағалау қымбат.

Барға шүкір, сабырлық

Берсін бізге көп артық.


Өмір - теңіз тұңғиық,

Бөліп берер бір қиық.

Сол бөлшекте жүземіз,

Күндеп, айлап, жылдап біз.


Ойлаймыз ғұмыр ұзағына,

Түсеміз уақыт тұзағына.

Абай айтқан қазағына:

Бес нәрсеге асық бол,

Бес нәрседее қашық бол.


Білесіз бе, бағалайық бабаны,

Көміп кеткен мирас, қазынаны.

Махамбеттей жүз батырдың

Арқасында елдің тыныш заманы.


Бағалық сөз қадірін,

Сілкіндірген жер қабығын.

Боқтық жат жерде шірісін,

Жақсы жад елінде кідірсін.


Ақ сүтісін сауғызып,

Балды ауызға тамызып,

Ана алдында борыш бар,

Меккеге апарып орындар.


Жас иісті де ойлайық,

Өмір мектебін қоймайық,

Үйретуге, пысықтауға.

Ата-анаға лайық болайық.


Бағалық бауыр барлығын,

Қалмасын реніш қалдығың,

Білейік аға, әпке, нағашысын,

Көмек көрпе, ақыл кесте алатұғын.


Туремуратова Аяулым Маратқызы

Қостанай қаласы, Баймағамбетова 4а, үй 52

87142287825, 87082573949

 

Көп оқылғандар