Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Әсел Назаралы


Әсел Назаралы,

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, аудармашы, журналист

«Мұқағали» журналының тілшісі

 

 

Бабамның қалған мұрасы

 

(толғау)

 

«Жұртым!», деп соғып жүрегі,

Қаламын қару етті ақын.

Құрбан болғанның бірі еді.

Жұртына боп ең жақын.

 

Таңжарық сыймай әлемге,

Он-он бір жастан құмартып,

Мойнына үлкен жүк артып,

Сыйғызды бәрін өлеңге.

 

Қуғыннан қуғын көрді ақын,

Көзі ашық оның болғасын.

Қамалып қанша жүрсе де,

Қамалдың бұзды ордасын.

 

Сансырап ойлар жарысқан,

Заман бір нәубет кез еді.

Мыңменен жалғыз алысқан,

Ойменен жалғыз жүзеді.

 

Хаттарын жазып түрмеде,

Қалдырған Алты Алашқа.

Таңжарық Жолдыұлының,

Данқымен ешкім санаспан.

 

Қаншама зұлмат болса да,

Бағыттан бір сәт таймаған.

Қазақтар кетті қаншама,

Арманын шексіз ойлаған.

 

Даланы кезді жазықсыз,

Сүрінді қазақ сол бір сәт.

Алаштың құнын арттырып,

 Болған еді бәрі парықсыз.

 

Тілі мен дінін, білімін,

Сарқылып өмір қалғанша,

Алашқа берген ұл қалды.

Хаттардан хаттар зулады.

 

Көзін ашып қазақтың,

Бір сәтке тыныш тұрмады.

Ақылды, дана кемеңгер,

Жолдыұлының баласы.

Қазақтан шыққан дарасы,

Атанып қалды мәңгіге.

Оятып қазақ санасын.

 

Таңымыз жарық сәулелі,

Сезінді Алаш әуелі.

Атамыздың тағдыры,

Біздер үшін мәуелі.

 

Қалдырған бабам мұрасын.

Бабадан қалған жыр асыл.

Құлашты кеңге жая бер,

Тәуелсіз ел боп қыр асып.

 

 

 Сен мені

 

Сен мені қыста дауыл желден сұра,

Болмаса мөлдір тұнық көлден сұра.

Таудан сұра бастан бұлт арылмаған,

Баудан сұра аң мен құс табылмаған.

 

Күннен сұра кешқұрым бататұғын,

Түннен сұра ай құшып жататұғын.

Көктемнен де сұрай сал, көктем келсе,

Өткеннен де сұрай сал өткел берсе.

 

Күз бәлкім бір жауабын айта тұрар,

Сұрай сал ол да ренжіп, жек көрмесін.

Іздесең іздей бергің, таусылмағың,

Жазда да бір елесім бар шығар бір.

 

Таба алсаң, керегіңнің алшы бәрін,

Ей, менің өлең сүйер жан құмарым.

Іздеуден шаршасаңыз өлеңмен кел,

Жаға алсаң сол ғой менің шамшырағым.

 

 

Ойлы ару

 

Терезеге телміреді бір ару,

Табатындай еркіндіктен бір тағат.

Түнгі самал желпіндіріп қиялын,

 Айдан нені күтеді екен күн санап.

 

Қылқаламын малып алып тірлікке,

Салмақ болған тағдырының бейнесін,

Ойға шомып отырғанда параққа.

Тамып кетті абайсызда бір нүкте.

 

Көп оқылғандар