Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Жанар Тоқтасынова


Тоқтасынова Жанар Құдайбергенқызы  Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ, техникалық факультет, Мұнай-газ ісі кафедрасы 4-курс студенті

Тектілік

Тектілік

 

Қыранда емеспін, көгімде желпіп самғайтын.
Тұлпарда емеспін жүйріктей жерді баулайтын.
Қара шаңырағымның еліктей өскен қызымын,
Арым мен  ұят, намысымнанда аспайтын.



Əкемнің аты Құдайберген Білтенұлы,
Тəрбиемнің тамыры ұлылығы!
Тегімде Тоқтасынның қаны жатыр,
Жүз ғасыр ұрпақтары білгей мұны.



Кіші жүз адай ауылы аңғарының,
Сүйіндік Қосайұлы Ұрпағымын! 
Мырзасы Жаманадай əулетінің, 
Бүгін де, үлкен əулет тармағымын!



Маңғыстау ата - бабам мекен еткен!
Қарақұйрық - Ақбөкен шауып өткен,
Толқынды кəрі каспий жағасында,
Құйындаған  даласын басып өткен! 



Қырларым, ұшпа таулар, қара мұнай!
Барлығын аямастан берген құдай!
Тегімде қаным тамған қара жерге,
Тал бесігім жаңаөзен жарығым-ай! 

 

 

                  Еске алу

 

Еске алу əруақты анам үшін.
Дұғамның əз артыңнан барары шын!
Һақ Аллам ниетім ді қабыл етіп,
Топырағыңда жеңілдер басым күшін.

Қырықтың бел байлаған тоғызына,
Келгенің ноль төртінші күз айында!
Жаратқан жұмағыңды тарту етші,
Қалмасын қапасыздау ұл қызы да!

Тəңірдің пешенеге жазғаны осы
Таратам жеті жұрттың шелпегіне
Қол жайып білген кісі дұға оқыр,
Анамның он төрт жылдық кеткеніне.
Туғанда күнің бүгін көктем салып,
Күз айын құшағына белең жайып.
Көрсетіп мінезіңнің кербездігін
Анашым ғазиздығың болды анық.

Артыңнан ұл қызыңның дұғасы көп,
Өткен күн болашаққа берері нық.
Анашым атыңыз ға мешіт салсам.
Дұғасын тілер елім деген үміт.

Ғұмырда ұл қызың ғой сағынатын!
Туғандар тіршілікте тума атың!
Дұғасын естімеппін соңғы кезде.
Ағам - інім аттарын жамылатын.
 

 

Анасыз өмір сұрадым ба, «о, тағдыр»

 

Анасыз өмір сұрадым ба? «о тағдыр»

Туылғанда періштемін не жаздым!

Қасқыр өмір қатыгезін қайтейін,

Анасыз деп атанддырса тағдырым.

 

Анасыз деп атандырмай қоймады

Қағаз қалам іс жүзінде жалғады

Бұл өмірдің шыбын жанын қайтейін

Неше түрлі қылығымен алдады

 

Сүйіншісін сұрағандай сұм тағдыр

Жылату мен қасіреттің жаны бір

Жетімдіктің жарты дәмін татсамда

Тұл жетімнің арасындай жолы бір

 

 

***

 

Ақтөбе!

Ажарың мұңды, жат көрме.

Алыстан арбап келгенде,

Түсіре көрме ақ терге!

 

Ақтөбе!

Айналдың бүгін даңқты елге,

Шуақты шашып шаһарға,

Шығардың мені қақ төрге!

 

Ақтөбе!

Әніме салдым ақ терме!

Жырыма қойдым жыр елге,

Арыма ұстар ант өрге!

 

Ақтөбе!

Туыңа азат еркіндік,

Тағыңа адал, тегің нық!

Биікке белді бекіндік!!!

Көп оқылғандар