Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Қоштаев Бексұлтан


Қоштаев Бексұлтан - 1998 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылында дүниеге келген.
Қазіргі таңда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде филология мамандығы бойынша білім алуда.
 

Дұға

(Таңжарық Жолдыұлына)


Көтеріп ұлтының қасірет-мұңын
Тәңірден тілеп алғанындай
Үмітін үзбеген еңіреп тұрып
Бір тамшы жастың салмағындай...
...тағдырдан қайыр қайдан болады
Сүрініп жатып тістеген
Ит ыржаңда дұшпан бар
Сілекейін ішпеген
жөн шығар
Жұрттың шаңында да шашау бар
ұлттан демі алшақтау
Тобырға тойым жасауға-
еркіндік, тәубе, ар сақтау
Жан сақтаумен ойнамаған
Шаншып іліп қояр ем жүрегінен
Құбыласын білмеген қайдағы адам
Кейде осындай қатігез ойға қалам
Айдалада қазақ жүр
Өкпесін айтып Тәңірге
Жалтақтаудан еті өлген
Ардан ба екен
Құранда ма екен
Ұлдарын сосын ұлықтап
Топырағын көтерген
Көп түркінің бір жұрты
Жұлмалап жатып жағасын
Жер астынан болмаса
Пананы қайдан табасың
Жер үстінде күн болса
Бірлігің билік құрады
(Мөңке би неге мұңайды
Төле би неге жылады)
Замана басы бір ғасыр
Алдыңа келсең ұрпағың
Артыңда әруақ тұрады...

Мақтаныш етіп ардағын
Дала мен таулар, атырап.
Жылайда жылай Таңжарық 
Көз жасын сүртіп жатыр-ау

 

***

Күй

Құсалық әуені-менің тағдырым;
Пенденің ерлігі-Тәңірін жазғыру;
Бір қарттың өлгенде жоқ екен сақалы;
Арудың қылығы қылмысқа жатады;
Ол енді ешкімді сүймейтін боп алды;
Бір ақын тағыда жалғыз боп оралды;
Жапырақ жауатын мезгілдің бәріде
күз емес; Жұмысын жек көрді дәрігер;
Ағаштан діңгекте керекпе тамырсыз;
Баянды махаббат керекпе қадірсіз;
Мен сүйген арудың бәріде бөлектеу;
Мен сүйген арудың бәріде желөкпе;
Бір бикеш сыбырлап есімін атады,
Ол менің жаныма неліктен батады;
Бәріде, бәріде, бәріде әдемі
Миымда тоқтаусыз құсалық әуені
Жүректе тоқтаусыз құсалық әуені

***
Қарындас мұңаймаңыз
Бұл тірлік кімнен артылған
Дәл осынау ең әдемі, сүп-сүйкімді қалпыңда
Мен сізді сүйіп қалғам
Сүйікті арман екен-ау
Бір болуға жазбапты, қиын екен жете алмау.
Сіз менің құса боп өткен өмірімде мән барын
Сіз менің қызықсыз өткен өткен өмірімде мән барын
білгейсіз
Мен өзіңізді сүйіп өтіп жерленем
Сіз үшін дұға оқысын қабіріме келген ел...

Мен сеземін түбі бізді жолықтырар күн барын
Сіз сеніңіз күлімдеңіз жараспайды мұңдану
Ақыретте бар адамзат тірілгенде бізде еніп
Өтінемін сіз мені шарапханадан іздеңіз
Мен сонда Омар шалмен көзеден шарап шашайын
Отыз екі тісімнің отызына дейін масайып
Сап-сау екі тісіммен сізге қарап жымиам
Мүмкін бе екен осы кезде бүкіл денең ұйымау

Сіз сонда дәл осынау ең әдемі, сүп-сүйкімді қалпыңда менімен қауышыңыз

Көп оқылғандар