Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Дидар Өмірәлі


Алматы облысы Ескелді ауданы Алдабергенов аулы

Таңжарыққа арнау

Қазақтан біздің жыр тоқыраппа?

Жарылсадағы жұрт екі жаққа .

Тамыпты менің кіндік қанымда ,

Өзіңізбенен бір топыраққа .

 

Жырыңды Таке жасын деп білдім ,

Өнердің жолын жақын боп қудым .

Топырағымыз бір болғаннан ба,

Өзіңізге ұқсап ақын боп тудым .

 

Біз туған Күнес асқары_қылыш ,

Қарттары_дана , жастары_құрыш .

Байтақ Іленің жырыңмен ғана ,

Таулары _ алтын , тастары _ күміс .

 

Кең көңіл елміз , керегеліміз,

Келмейді жырды өрелегіміз.

Жезтаңдай ақын болғаныңыз ғой ,

Ағашын Жезге теңегеніңіз .

 

Өзіңнен жырдың дүбірін көрдім,

Жаршысындайсың ұлы күндердің.

Жырыңмен сенің сусындап емген ,

Ізіңнен ерген құлының менмін.

 

Сырыңнан қалай секемденемін,

Өзіңнен ойды бекемдеп едім .

Арқаңа қанша батсада ардың,

Ауырсынбай жүгін көтерген едің .

 

Қауып төндіріп дәстүрлі еліме,

Асау бір заман бас білмеді ме?

Таңына жұрттың жарық берем деп,

Талқандағансың тас түрмені де.

 

Ақтарылғанда ұлтыңа шерің ,

Төгілді қанша бұлқына терің .

Сағынышымды жырғып арнадым ,

Дұға болардай рухыңа сенің.

 

Қадыры болмас тірі алыптардың,

Заманы кетті бұғалықтардың .

Астанадан ел көше беріпті ,

Көргенде іштей қуанып қалдым .

 

Ғасыр өтседе сандалып сұлап ,

Азат ел болдық алда нық мұрат.

Шыңшысай қайта құрылғанымен ,

Тумайды қайтып Таңжарық бырақ.

 

Тәуелсіздік

 

Азаттық деп жүрегіме жыр тұнды ,

Кім сейілтті қара түнек бұлтыңды .

Сан тарих соғыс өртін лаулатып ,

Дес бермедің бұзсадағы шырқыңды .

 

Мақтан етем қазақ деген ұлтымды ,

Алтын кеудең азаттық деп бұлқынды .

Бабаларым аз емес ау аз емес ,

Бір көрсек деп арман еткен бұл күнді .

 

Бар қиындық өте шықты қасқағым ,

Тарихыңнан сыр шертіп тұр тастарың.

Намыстарын құлатпаған бабалар ,

Иығынан құлатсада бастарын .

 

 Азаттық деп айтылады дастаным ,

Қазақ үшін керегі жоқ басқаның .

Нөсер болған көз жасынан анамның ,

Айыққандай болды бүгін аспаның .

 

Әуелесе қазағымның ізгі әні ,

Ұлы түгіл батыр туған қыздары .

Жауларына бүгілмеген тізесі ,

 Тоңдырсада Желтоқсанның ызғары .

 

Қазаққа Алла сынақ беріп сынаған,

Сол сынақтан өттік талай дін аман .

Бүкіл әлем мойындады елімді ,

Белім бекіп қатпасада бұғанам .

 

Қадамым нық енді қайтып құламан ,

Күнім кетті жасым көл боп жылаған .

Елім жаққан егемендік алауын ,

Сөндірме деп жаратқаннан сұранам !

 

 

Туған жердің бөктеріңде қалған гүл

 

Өмір маған ұсынғандай гүл аппақ,

 Үмітімнің туын кімдер құлатпақ.

Ақ тұлпарын ерттеп мініп арманның,

Туған жерден кетіп едім жырақтап .

 

Туған жердің гүл, шөптері -ай жайқаған,

Мұны нағыз керемет деп айталам .

Айлар аунап ,жылдар салып араға,

Сағынышпен қадам бастым қайтадан.

 

Сағынышым айналғандай дертіме ,

Көп жүгіріп келген жандай ентіге.

Көптен бері сағындырған мекенім,

Көп қарадым көзім тоймай көркіңе.

 

Сені көріп сағынышым кетті өрлеп,

Туған далам өр тұлғаң тұр өктем боп .

Ақырында сағынышым басылмай ,

Кезіп кеттім кең далаңды бөктерлеп .

 

Сарайды ашып қоңыр самал жел өктем ,

Қуаныштан желпінеді желөкпем .

Сан мыңдаған арасынан гүлдердің,

Жалғыз гүлге көзім түсті кенеттен .

 

Жүрегіме силайтындай бір жарық,

Гүлге қарап жүзім кетті нұрланып .

Басқа гүлден ерек болып көрінді ,

Көз мейірім соған ғана тұр қанып.

 

Желмен бірге билеп тұрды ырғалып,

Ал мен болсам қарай бердім ұрланып.

Қалдым оны басқалардан қызғанып,

Кеткім келді оны өзіммен бірге алып.

 

Нәзік гүлім маған қайғы силадың,

Сезім толы жүрегімді қинадың.

Кетер едім өзімменен бірге алып ,

Сабағыңнан үзугеде қимадым .

 

Қимастықпен аз отырдым кідіріп,

Сезімдерден сезілгендей ұлылық.

Гүлде тұрды күнмен бірге құбылып,

Үнсіз ғана кете бардым бұрылып.

 

Дәмі тартып мен кеткенде шет жердің,

Сәні болып қала берді бөктердің.

Сағынышқа толы менің бұл кеудем,

Сол гүлді ойлап талай жылды өткердім.

 

Бұл өмірде жолықсада алуан гүл,

Сол гүлді ойлап көңілімде арман жүр.

Айналдың ғой сағынышыма мәңгілік ,

Туған жердің бөктерінде қалған гүл!...

 

 

Көп оқылғандар