Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылғы Нобель сыйлығының үміткерлері...

09.10.2019 4887

2019 жылғы Нобель сыйлығының үміткерлері 12+

2019 жылғы Нобель сыйлығының үміткерлері - adebiportal.kz

Қазірді таңда Стокгольмда Нобель сыйлығын тапсыру рәсімдері өтуде. Бір апта ішінде физиология, медицина, физика, химия, әдебиет, Бейбітшілік сыйлығы, экономика саласының жүлдегерлері анықталады. Соның ішінде Әдебиет саласы бойынша берілетін Нобель сыйлығы 10-қазанға жоспарлан. Яғни, ертең Швед академиясы 2018 және 2019 жылдардағы лауреаттардың есімдерін жариялайды. Олардың арасында әлемге танымал қаламгерлер де бар. Ендеше, сіздерге үміткер ақын-жазушылардың үздік бестігін ұсынамыз.

1.Энн Карсон – (1950 жылы Канаданың Торонто қаласында дүние келген) көрнекті жазушы, ақын, эссеист, аудармашы. Ол поэтикалық аудармасы үшін берілген Пен-клуб сыйлығының (2010), сондай-ақ, Пушкарт (1997), Граффин және Элиот (2001) сыйлықтарының иегері. Қаламгердің шығармалары француз, испан, орыс тілдеріне аударылған.

Кітаптары:

«Қысқа әңгімелер» (1986),

«Құдайлар мен ақылды әйелдер» (1992),

«Шыны, темір және Құдай» (1995),

«Қызылдың өмірбаяны» (1998, өлеңмен жазылған роман),

«Қарапайым рухтардың айнасы» (1999),

«Бүкіләлемдік экономика» (1999),

«Қыс болмаса...» (2002, Сапфодан аударма),

«Қызыл құжат» (2013, «Қызылдың өмірбаяны» романының жалғасы).

2. Мариз Конде – (1937 жылы Францияның Пуэнт-а-Питр қаласында дүниеге келген) жазушы. Ол 2004 жылы заңсыз құлдықты еске алуға арналған Комитетті басқарды. Мариздың ұсынысымен Францияда 2006 жылдан бастап 10 мамыр – Құлдықты еске алу күні болып жарияланды. Айта кетейік, бұл автор 2018 жылғы Нобель сыйлығына үміткер болған еді.

Кітаптары:

Геремахон (1976)

Рихатадағы маусым (1981)

Қираған жер (1985)

Сегу (1987, Либератур сыйлығы)

Рождество өмірі (1987, Француз Академиясының сыйлығы)

Күліп, жылайтын жүрек (1999, Маргерит Юрсенар сыйлығы)

Жеңіс, хош иістер мен сөздер (2006)

3. Джан Сюэ – (1953 жылы Қытайдағы Чанша қаласында дүниеге келген) жазушы, әдебиет сыншысы. Қытай авангардының жазушысы Жан Сю (шын аты Дэн Сяохуа) өзінің көркем әдебиетін спектакль ретінде шебер сипаттайды. Сондай-ақ, оның әңгімелерінде көбінесе жасырын, сахнадағы ойыншылардың әрекетін белгілейтін қозғалыс логикасы жиі кездеседі.

Кітаптары:

«Соңғы ғашық» (2014),

«Шекара» (2008),

«Ескі бұлт» (1991),

«Бес дәмханасы бар көше» (1990).

4. Харуки Мураками (12 қаңтар 1949 жыл, Киото) – жазушы, аудармашы. Ол постмодернизм бағытындағы көптеген шығармалардың авторы. Мураками ағылшын тілінен жапон тіліне Фрэнсис Скотт Фицджеральд, Труман Капот, Джон Ирвинг, Джером Сэлинджер және тағы басқа XX ғасырдағы американ прозашыларының шығармаларын, сондай-ақ Ван Альсбург пен Урсула ле Гуиннің ертегілерін аударған. Атақты «Егеуқұйрықтар» атты трилогиясы бар.

Кітаптары:

«Қойларға шабуыл» (1982, «Нома» сыйлығы)

«Баяу шлюпкамен Қытайға» (1983)

«Кенгуру үшін үздік күн» (1983)

«Тоқтаусыз ғажайыптар әлемі және өркениеттін соңы» (1985, «Танидзаки» сыйлығы)

«Дэнс, Дэнс, Дэнс» (1988, «Егеуқұйрық» трилогиясының жалғасы)

«Телепузиктардың жауапты соққысы» (1990)

5. Людмила Улицкая (1943 жылы Башқұрт автономиясының Давлеканово қаласында дүниеге келген) – жазушы, аудармашы, сценарист, қоғам қайраткері. Ол Ресейдің Букер сыйлығының иегері (2001), Үлкен кітап сыйлығының иегері (2007, 2016). Людмила Улицкаяның шығармалары әлемнің 25 тіліне аударылған. Қаламгер эсселер, балалар пьесаларын жазды. Сонымен қатар, монғол тілінен өлеңдер аударды.

Кітаптары:
«Сонечка» (1996, Медичи әдеби сыйлығы)

«Кукотскийдің ісі» ( 2001)

«Құрметпен, сіздің Шурик» (2004)

«Даниел Стейн, аудармашы» (2007)

Бес қаламгер де өзінің жазу мәнерімен, жаңашылдығымен ерекшеленеді. Швед академиясының комиссиясы қандай шешім қабылдайтынын болжау қиын, десе де ұйымдастырушылар дәл осы бестіктің шығармаларын жоғары бағалап отыр.

Сонымен қатар, үздіктердің ішінде: Нгуги уа Тионго (Кения), Маргарет Этвуд (Канада), Мерилин Робинсон (АҚШ), Ольга Токарчук (Польша), Петер Надаш (Венгрия), Геральд Мурнан, Мирча Кэртэреску (Румыния), Юй Хуа (Қытай), Исмаил Кадаре (Албания), Хавьер Мариас (Испания), Джон Фоссе, Ласло Караснахоркаи (Венгрия), Милан Кундера (Чехословакия), Петер Хандке (Австрия), Еко Тауада (Жапония), Сесар Айра (Аргентина), Янг Лиан, Ко Ын (Корея), Эрнесто Карденал (Никарагуа), Джордж Мартин (АҚШ) бар.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар