Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ОҚУШЫЛАР ПАРАҒЫ
Оқушылар парағы. 8-сынып: Әпке драмасы. Дулат Исаб...

05.03.2019 156738

Оқушылар парағы. 8-сынып: Әпке драмасы. Дулат Исабеков

Оқушылар парағы. 8-сынып: Әпке драмасы. Дулат Исабеков - adebiportal.kz

Жазушы-драматург Дулат Исабековтың "Әпке" драмасы екі бөлімнен тұрады. Қаламгер оны 1977 жылы жазған. Сахналық қойылымға арналған шығарма.

Қысқаша мазмұны

Драма Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.

Басты оқиғалары

Драма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталады. сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өте үлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады... Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді. Жалпы шығарма оқиғаға толы, қызықты болып келеді.

Шығарма кейіпкерлері

Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.

ҰҚСАС МАТЕРИАЛ: Жазушы Дулат Исабековтың бір күні

Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.

Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.

Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.

Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бесеудің ойы: Драматургия

Кәмила (Кама) - Темірбектің сүйген қызы, кейіннен әйелі, темекі тартады, тілінің уы бар қыз. Өте өжет жан, жүрген жерінде ұрыс-керіске ұшырап жағымсыз кейіпкер ретінде көрінеді.

Сұлтан - Темірбектің (Тимур) досы. Білімді, зерек, сыпайы, сөзі құлаққа жағымды.

Сұлухан (Светлана) - Сұлтанның жанындағы қыз.

Қабен - өте ақылды адам. Бақытқа ұмтылған жан.

Көрші әйел - Адам жанын түсіне білетін,жаны ашып көмектесуге дайын тұратын жағымды кейіпкер.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар