“Әдебиет порталының” “Жансусар” бағдарламасында жас жазушы Абай Аймағамбеттің «Толқынды күткен бала» атты шығармасы әңгіме болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Жазушылар одағының «Жаңа Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» атты жобасы аясында жарық көрген бұл кітаптың жаңалығы неде? Ерекше тұсы бар ма?
Кітапты талқылауға қатысушылар Арал теңізінің тағдырын арқау ете отырып, ұлттың 1960–1980 жылдары аралығында басынан өткергенімен байланыстыра жазылған осы туындыға ой-көзқарастарын еркін түрде білдіреді.
