1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П.Д. Лобановский және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі құрылады.
Әр жылдары музейдің қалыптасып, дамуына Абайдың өзі бастап, Шәкәрім Құдайбердіұлы, заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтер қолдау көрсеткен. Айталық, 1885 жылы Абай сол өлкетану музейіне түскиіз, алаша, сырмақ, төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қобыз, домбыра, көрік, төс, балға, найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық, кісе белдік сынды 60-тан астам жәдігер тарту еткен.
Мұхтар Әуезовтің ұсынысымен Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай, Қазақ ССР Халық Комиссарлар кеңесiнiң 1940 жылғы 1 сәуiрдегi №347 қаулысы негiзiнде ақынның әдеби-мемориалдық мұражайы құрылады. Ал 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысымен Абай тапсырған заттардың он жетісі өлкетану музейінен ақын мұражайының қорына өткізілді.
Жақсыны көрмекке. Ұлы ақынның 175 жылдығына орай «Әдебиет порталы» тікелей Абай тұтынған және Құнанбай әулетіне қатысты аса құнды жәдігерлерден танымдық видеоролик ұсынады.
Осы еңбектің жүзеге асуына қолдау көрсеткен Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайына зор алғыс білдіреміз.
Adebiportal.kz
https://www.youtube.com/embed/IjuMpQE79gQ?list=UUuIxURLhlyd74pK8w2U--8A
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.