Өмірдің өзі ақ пен қарадан, сансыз иірілген сұрақтардан тұрады ғой. Бұл сансыз сұрақтардың жауабын біз кітаптардан ғана табамыз. Кітаптар біздің жүрегімізді емдейді, қуансақ мерейімізге ортақтасады, құлазысақ көңілімізге медеу болып, жігер сыйлайды.
Кітап – тарихтың кені: онда ұлттың өткені мен бүгіні, болашағы астасып жатыр. Кітап оқыңыздар. «Әдебиет порталының» жаңа жобасы «Ұлт оқитын 100 кітапты» бірге қарап, талдап жүріңіздер.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 сәуірді «Ұлттық кітап күні» етіп белгілеген болатын. Осыған орай ел бойынша кітап культін, оқырмандық мәдениет қалыптастыру бағытында идеологиялық түрлі шаралар қолға алынды. Соның аясында «Ұлт оқитын 100 кітап» жалпы ұлттық жобасы қалыптасып, алғашқы 100 кітап таңдалып халыққа жол тартты. «Әдебиет порталы» кәсіби әдебиетшілерді қатыстыра отырып, осы таңдалған кітаптарға талдау жасайды.
Порталдың жаңа Youtube жобасын мына сілтемеден тамашалай аласыздар.
