Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
АРНАЙЫ ЖОБАЛАР
/
«Алапаты қайтқан ұлттың еркегі қатын сабағыш болад...

«Алапаты қайтқан ұлттың еркегі қатын сабағыш болады...»

27.11.2025

3927

«Алапаты қайтқан ұлттың еркегі қатын сабағыш болады...» - adebiportal.kz

«Ұлт оқитын 100 кітап» жобасының кезекті шығарылымында тағы да он қаламгердің кітабы талқыланды. Бағдарламаға белгілі ақын Есей Жеңісұлы, әдебиеттанушы ғалым Баян Керімбекова, және жас ақын Ақгүл Айдарбекқызы қатысты. 

Сөз басы интеллектуалдық әдебиет қалай болу керек деп сауал қойылған келелі сұхбат былайша өрбіді. 

«Мен Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесін өнер тілімен өрілген психоэстетикалық туынды деген болар едім. Ал Асқар мен Таласбек туындылары әдебиет, тарих, философия секілді үш қабаттан тұрады. Таласбек Әсемқұлов өзінің «Талтүс» романы арқылы күй өнерінің қыры мен сырына үңіледі. Әжігерей автордың өзі. Бұл шығарма жартылай автобиографилық роман екендігі белгілі. Мұнда езілген, әрі жеңілген халықтың ащы запыраны бар. Жеңілген ел нендей жайды басынан кешіреді дейсіз ғой? Бұған автор кезекті бір мақаласында былай деп жауап береді. «Алапаты қайтқан, тарих сахнасынан кеткен ұлттың еркегі қатын сабағыш болады» дейді қаламгер. Бұл  шынымен-ақ сұмдық сөз емес пе?» дейді жас ақын Ақгүл Айдарбекқызы. 

Мінекей, осындай тұшымды пікірлерге толы бұл бейнебаянның толығырақ нұсқасын «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасынан  көрулеріңізе болады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan