Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

08.10.2018 5467

Ақ сарбаз!

Ақ сарбаз! - adebiportal.kz

Қазақ руханияты мен мәдениетіне еселі үлес қосқан танымал тұлғаларға жылара Мемлекеттік сыйлық беріліп келеді. Биыл осы сыйлыққа киелі Семей өңірінен белгілі ақын, қазақ әдебиетінде өзіндік үні, үрдісі бар Тыныштықбек Әбдікәкімовтің "Алқоңыр Дүние" атты еңбегі ұсынылып отыр. Осы заманғы әдеби процесте бәрімізге белгілі бір ақиқат – Е. Раушанов пен Т. Әбдікәкімов екеуі өздеріне тән ақындық мектеп қалыптастырған бөлекше қаламгерлер. Тыныштықбек әуел-бастан қазақ өлеңіне соны нақыш, ерекше өрнекпен келген ақын. Қаламгерді мемлекетшілдік рухтағы тың ой-толғамдармен һәм ұлттық-философиялық концепцияларды жаңғырта келген жаңашыл да жарқын жырларымен бүгінгі Қазақ Елінің қайраткер тұлғасына айналды деуімізге әбден болады. Сондықтан, Тыныштықбек Әбдікәкімовтің Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған туындысы биыл әділ бағаланып, оған лайықты деп танылатын болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Мерей Қарт, ақын


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар