Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Ақын Гүлбақыт Қасеннің жыр кеші өтеді...

17.02.2017 5923

Ақын Гүлбақыт Қасеннің жыр кеші өтеді

Ақын Гүлбақыт Қасеннің жыр кеші өтеді - adebiportal.kz

2017 жылдың 25 ақпаны күні сағат 12.00-де Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақын Гүлбақыт Қасеннің «Құс қанатындағы жыр» поэзия кеші өтеді. Және ақынның «Құсқанаты» атты кітабының тұсауы кесілмек.

44bd2d40e5a22d6afe1d0a743d359923.jpg


Мемлекеттік қызметтің қат-қабат шаруасымен жүріп, жастайынан жанына серік еткен қаламын қолына алып жыр жазады. Облыстық, республикалық жыр мүшайраларының әлденеше реткі жеңімпазы атанған ақын қыз бүгіндері жетісулық «Тамшыбұлақ» әдебиетшілер қауымдастығының үйлестірушісі. Жетісудан шыққан қаламгерлердің шығармашылығы мен жас дарындарды насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы жұмыстарды жүргізіп, «Тіл және Тәуелсіздік», «Поэзия, менімен егіз бе едің?», «Сен менің еліме бар», «Жұматай – жыр қағаны» атты кітаптарды құрастырған.

«Алуа», «Бақыт гүлі», «Құсқанаты» жыр кітаптарының авторы.

«Ерен еңбегі үшін», Тәуелсіздікке 25 жыл мерекелік медальдарымен марапатталған.

Адам болу оңай ма айтшы достым?

Аманат көп арқаға батады шын.

Ақиқатты аралап қайтшы достым,

Қайырлы таң атса екен АДАМ үшін! –

деп адами биікті ардақтаған Гүлбақыт ақынның өлеңдері – оқырманның жүрегіне жылы тиетін ойлы жырлар. Ақынның әбір өлеңінен салиқалы сабыр, ақыл таразысынан өткен өмірлік түйін аңғарылып тұрады:

Биік арман.

Қанатымды қомдағам,

Қатал тағдыр ызғарынан тоңбағам.

Бір қағысым жетпей қалған сәтте де,

Ақ қауырсын намысымды қорғағам.

Жүректің сөзін жүректің сананың сүзгісінен өткізіп, ақындық ғұмырдың бірде сабырлы, бірде мазаң күйін кешкен ақын көңілі әлдебір дүбірге елегзігендей:

Қайғы емес, қуанышты қалаған,

Ғұмырыма –

ғашық жанның жыры азық.

...түсімде ылғи топты көрем аламан –

жалғыз қалам құлазып...

Мінеки, түсінде аламан топты көріп елегзіген ақын, сол аламан топтың, алқалаған әлеуметтің алдында есеп беру іспетті жыр кешін өткізбекші.

5c64961b9efcac1fb9a27013d32af9f2.jpg



«Әдебиет порталы» тұсаукесер құтты болсын дей отырып, ақынға шығармашылық шабыт тілейді!

Өтетін мекенжайы:
Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 43
(Райымбек даңғылының қиылысы)

adebiportal.kz



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар