Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ӨНЕР
«Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопе...

20.04.2023 1403

«Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» халықаралық форумы 14+

«Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» халықаралық форумы - adebiportal.kz

Қазақ ұлттық өнер университетінде «Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» атты  еліміздегі кәсіби кинотанудың негізін қалаған кинотанушы, профессор, өнертану кандидаты, ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Нөгербек Бауыржан Рамазанұлының 75 жылдығына арналған Халықаралық форумы басталды. Форум Қазақ ұлттық өнер университетінің 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр. 

Форум аясында профессор Бауыржан Нөгербек мұраларының бүгінгі киноүрдіс пен кинотану саласындағы маңызы туралы мәселелер қарастырылатын отандық және шетелдік кинотанушылар мен кинематографистер қатысатын ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді (online және offline форматында)

Сондай-ақ, аталмыш Форум аясында қазақ киносының белгілі шеберлері – кинорежиссерлер Дәрежан Өмірбаев пен Болат Қалымбетовтің фильмдері көрсетіліп, шеберлік дәрістері өтеді. Сонымен бірге кинотанушы, өнертану докторы Гүлнар Әбікееваның шеберлік дәрісі жоспарлануда. 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар