Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
«Chanel № 5» деректі драмасы...

09.12.2022 2453

«Chanel № 5» деректі драмасы 14+

«Chanel № 5» деректі драмасы - adebiportal.kz

Chanel № 5 - "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" науқаны аясында А.Л.Ж.И.Р. (ГУЛАГ) лагерь тұтқындарының рухына бағышталған тарихи драма. Гүлжамал Майлинаның рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Канн кинофестивалінін лауреаты Самал Еслямова сомдайды.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Музыкалық жас көрермен театры және Қазақстандағы "БҰҰ-әйелдер" құрылымы. 

Спектакльде Г. Майлина, Д. Ермекова, Ж.Шанина, Н.Сац, Р. Мессерер-Плисецкая, К. Андронникашвили, А. Тимирева, Г. Платайс қиындықтар мен қудалауға тап болады. Бірақ кеңестік тиранияның қорқытуы мен қорлауына қарамастан, болашаққа деген сенім мен үмітті жоғалтпайды. Олардың рухы мен сенімі мәңгі тарихта қалады.

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» жаһандық науқаны жыл сайын 25 қарашада, Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні басталып, Дүниежүзілік адам құқықтары күніне орай 10 желтоқсан күні аяқталады. Биылғы науқан тақырыбы: "Бірігейік! Әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған белсенділік " (UNiTE! Activism to end violence against women and girls).

XX ғасырдың отызыншы жылдары  кеңес үкіметінің  құрамындағы елдер үшін  азапты жылдар болғандығына тарих куә. Аштықта бір сыналған елдің есін енді жиған уақытта бас көтерер зиялыларын қынадай қырып, ол аз болғандай арқа сүйер азаматтарынан айрылған әйелдерді түрмеге тоғытты. «Chanel № 5» деректі драмасы қойылымының негізгі мазмұнына да осы Алаш арыстары әйелдерінің Алжирде өткізген азапты жылдары арқау болды.

Ақмола лагеріне алыс жақыннан әкелінген ұлт зиялыларының әйелдері Гүлжамал Майлина, Жанбике Шанина, Дәмеш Жүргенова (Ермекова), Наталья Сац, Рахиль Плессецкаялардың азаматтарына деген адалдығы олардың  әділдік пен шындық жолындағы күресі көрніс береді.

9 желтоқсан 2022 ж., 19.00-22.00

Астана, Омаров к. 47Б, Музыкалық жас көрермен театры

 

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар