Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауын арнады. Мұны еліміз үшін өзіндік мәні, саяси маңызы бар оқиға деп білемін. Себебі әрбір қазақстандық бұл жолдауды тыңдау үшін ең алдымен үлкен үмітпен, зор сеніммен келетіні белгілі. Біріншіден, мені бұл жолдауда ерекше қуантқаны ол келесі жылдың «Жастар жылы» болып жарияланатындығы. Себебі ел болашағы ол жастардың қолында екендігін ескерсек, бұл біз үшін берілген үлкен мүмкіндік деп білемін. Екіншіден, бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 35 пайызға көтеруді ұсынып отырғандығы қуантты. Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы жолдауында кез-келген адамның түпкі тамыры – ауылды көркейтуге ерекше мән беретіні баршаға аян. Сондай-ақ, биылғы жылғы жолдауында да «Ауыл – Ел бесігі» атты жобасын іске асыруды тапсырып отыр. Сонымен қатар өзім жұмыс істейтін Ақмола облысы мәдениет басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейі 2016-2018 жылдан бастап «Ауылым – алтын тұғырым!» атты көрме байқауын өткізіп келеді. Бұл жоба туралы естіген музей қызметкерлері дұрыс бағытта еңбек етіп жатқанғымызға тағы бір мәрте көзім жеткізгендей болды.
Қорытындылай келе, алға қойған мақсат бар, тек оны жүзеге асыру жолында бірлесіп, аянбай еңбек ету керек. Осы жолдаудағы көтерілген нақты мәселелердің орындалуына зор сенім білдіремін.
Аягөз Мұратқызы,
«Мәлік Ғабдуллин музейі» МКМ қызметкері
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.