Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
СЫН
Гүлсина Мирғалиева 50 жаста...

19.02.2025 662

Гүлсина Мирғалиева 50 жаста 12+

Гүлсина Мирғалиева 50 жаста - adebiportal.kz

2025 жылы 20 ақпан күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Гүлсина Бақытжанқызы Мирғалиеваның 50 жас  мерейтойына  орай, сағат 12.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында режиссердің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Модератор – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер А.Маемиров. 

Сағат 18.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында «Парасат майданы» (авт. Т.Әбдік, реж. Г.Мирғалиева) спектаклінің арнайы көрсетілімі өтеді. 

«Парасат майданы» -  адамның ішкі әлемі мен рухани құндылықтары туралы сыр шертетін психологиялық драма. Қойылым қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдік шығармаларының негізінде («Оң қол» және «Парасат майданы») сахналанған.

Спектакльдің негізгі өзегі — адамның өз-өзімен күресі, қоғамдағы моральдық құндылықтардың жоғалуы және ақиқаттың тереңіне үңілу. Басты кейіпкер — жалғыздық пен ішкі қайшылықтың құрбанына айналған жан. Ол адамдар арасындағы әділетсіздікке қарсы үн қатып, қоғамның қатал жүйесіне қарсы тұруға тырысады.

Қойылым барысында көрермендер рухани құндылықтар мен материалдық әлемнің қайшылықтарын, адам болмысының күрделілігін, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырату мәселелерін терең сезінеді.

«Парасат майданы» -  адамның рухани биігіне жету жолындағы күресін бейнелейтін, көрерменді ойландыратын, өмірдің шынайы мәнін іздеуге жетелейтін туынды.

Мирғалиева Гүлсина Бақытжанқызы  1975 жылы 20 ақпанда Ресей Федерациясы, Самара облысы, Большечерниговский ауданы, Кошкин ауылында дүниеге келді. Әкесі Бақытжан трактор бригадирі, анасы мәдениет саласында көп жыл қызмет етті. Анасының мәдениет саласында жұмыс істеуі Г.Мирғалиеваның өнер жолын таңдауына тікелей әсерін тигізді. Отбасында барлығы дерлік өнер жолын таңдаған жандар.

1982-1992 жылы Августовский атындағы мектептен орта білім алды.  1995-2000 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «драма режиссері» мамандығы бойынша Маман Байсеркеұлы шеберханасында білім алды.

Шығармашылық жолын Көкшетау қаласындағы Ш.Құсайынов атындағы облыстық драма театрында қоюшы режиссер қызметінен бастады. 2002 жылы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрына көркемдік жетекші, әрі бас режиссер қызметін атқарды. Қазір Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар