Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЗЕРТТЕУ
Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың ж...

29.04.2023 1252

Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары

Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары - adebiportal.kz

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2023 жылдың 4-5 мамырында аса көрнекті ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР ҰҒА академигі  Зәки Ахметовтің туғанына 95 жыл толуына орай  «Гуманитарлық ғылымдар тоғысындағы әдебиеттанудың жаңа парадигмалары» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Аталмыш конференцияға алыс және жақын шетелдерден ғалымдар шақырылған.

Конференция жұмысы мынадай бағыттарда өтеді:

  1. Әдебиетті зерттеудің жаңа теориялық-әдіснамалық негіздері және З.Ахметов еңбектері;
  2. Түркі халықтары әдебиеттану ғылымы және академик З.Ахметов   мұрасы;
  3. Академик З.Ахметов және қазіргі Абайтану ғылымы;
  4. Әлемдік көркем мәдениет контекстіндегі түркі халықтарының фольклористикасы;
  5. қазіргі цифрлық технология бойынша білім беру жүйесіндегі әдебиет пен тілді оқытудың әдістемелік аспектілері;
  6. Көркем мәтін поэтикасы;
  7. Біріккен білім беру кеңістігі: академиялық ұтқырлықты дамыту.

Конференция қазақ және түркі (қырғыз, өзбек, татар) тілдерінде жүргізіледі.

Конференцияға Қырғызстан ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Әдебиет институтының директоры, ф.ғ.д. Н.Исаева (Бішкек, Қырғызстан), Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік Өзбек тілі мен әдебиеті университетінің профессоры, ф.ғ.д. У.Жоракулов (Ташкент, Өзбекстан), ҚР ҰҒА академигі Ж.Әбділдин, ҚР ҰҒА академигі С.Қасқабасов, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, ф.ғ.д., профессор К.Матыжанов, ф.ғ.д,  профессор А.Еспенбетов (Қазақстан, Семей), ф.ғ.д., профессор С.Негимов, ф.ғ.д., профессор Ш. Ыбыраев (Қазақстан, Түркістан)

Конференцияға ҚР Сенат және Парламент депутаттарыҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі,  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрілігіҚР Оқу ағарту министрілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі басшылары мен қызметкерлері,  мемлекет және қоғам қайраткерлері Шәрбану Бейсенова, Сауытбек Абдырахманов, Әлібек Асқар сияқты зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер қатысады.  

Сонымен қатар Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, А.Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қырғызстан, Өзбекстан университеттерінің ғалымдары, белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, докторанттар мен магистранттар қатысып, баяндамалар жасайды.

Конференция жұмысы 2023 жылдың 4-5 мамырында сағат 10.00-де басталады. Конференцияға келушілерді тіркеу сағат 9.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында (Астана қаласы, Сәтпаев көшесі 2, Тұңғыш Президент аудиториясы (208 ауд.) басталады.

Конференцияда академик З.Ахметов туралы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

          

Ұйымдастыру комитеті

Байланыс телефондары: 

70-95-00 (32-313, 32-319); 87051810177

 


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар