Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
АРНАЙЫ ЖОБАЛАР
/
Кенесарыға берілмеген тарихи баға «Көшпенділер» ро...

Кенесарыға берілмеген тарихи баға «Көшпенділер» романында берілді

05.12.2025

3369

Кенесарыға берілмеген тарихи баға «Көшпенділер» романында берілді - adebiportal.kz

«Ұлт оқитын 100 кітаптың» кезекті шығарылымында қазақ әдебиетіндегі тарихи романдар талданды. Жалпы көлемді романдар арқылы ұлт тарихын түгендеу бүгінгі жас ұрпаққа не береді? 100 кітапқа енген бұл романдардың оқырмандарға тағылымы қандай? Бағдарламаға белгілі философ Әбдірашит Бәкірұлы, әдебиеттанушы ғалым Руда Зайкенова және сыншы Айзат Рақыш қатысты. 

Сөз басы тарихи роман қалай болу керек деп сауал қойылған келелі сұхбат былайша өрбіді. 

«Мысалы, Ахан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы мектеп бағдарламасында атымен жоқ. Мұны оқушылар өз бетімен оқып іздемесе, бұл ғажайып туынды жайлы мүлде бейхабар десек те болады. Жалпы тарихи романдарды мектеп бағдарламасына енгізу үлкен бір мәселе. Осы орайда мына бір мәселені айырықша айта кетсем деймін. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романы тарихи жадымыздың орынын толтырды. Дәлірек айтсақ, Кенесарыға берілмеген тарихи баға «Көшпенділер» романында берілді», - деді сыншы Айзат Рақыш.

Мінекей, осындай тұшымды пікірлерге толы бұл бейнебаянның толығырақ нұсқасын «Әдебиет порталының» YouTube арнасындағы «Ұлт оқитын 100 кітап» жобасынан  көрулеріңізге болады.

 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan