Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ӨНЕР
/
Керей ханды сомдаған актер дүниеден өтті...

Керей ханды сомдаған актер дүниеден өтті

17.07.2025

1171

Керей ханды сомдаған актер дүниеден өтті - adebiportal.kz

Қазақстанның театр және кино өнерінің майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,  «Парасат» орденінің иегері, Қайрат Кемалұлы Кемалов 69 жасында дүниеден озды.

Қайрат Кемалұлы Кемалов – кеңестік және қазақстандық театр және кино актері. Ол «Қазақ хандығы» фильміндегі Керей ханның рөлі арқылы көрерменге кеңінен танылған.  Өнер мақтанышы 1958 жылы 8 қаңтарда қазіргі Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. 1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген, драма театрының актері. 1978 жылдан - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1980-1983 жылдары, 1985-1994 жылдары - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актері. 1990-1995 жылдары - Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актері. 1995 жылдың қыркүйек айынан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің (2001, 2002) құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2006). Мәдениет қайраткері (2006).

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan