Классикалық әдебиетіміздің бастауы кімдер?
Өмірде болған, прототипі бар тағдырлы тұлғалардың өмірінен жазылған нанымды шығармалар. Таңдалған 100 кітаптың ішіндегі кезекті 10 топтама – осы бағыттағы әдеби туындылар. «Ұлт оқитын 10 кітап» YouTube жобасының кезекті шығарылымына өткен ғасырдың басында қазақ қоғамында роман деген түсінік жоқ кезде әдебиетімізде жауһар туындыларды жасап берген қаламгерлердің шығармалары арқау болды.
