Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Маралтай Райымбекұлы. Елбасы атап көрсеткен құндыл...

21.11.2018 7057

Маралтай Райымбекұлы. Елбасы атап көрсеткен құндылықтарды ел игілігіне исіндіру керек

Маралтай Райымбекұлы. Елбасы атап көрсеткен құндылықтарды ел игілігіне исіндіру керек - adebiportal.kz

Елбасы мақаласында көрсетілген еліміздің рухани дамуы һәм жандануына байланысты әрбір сөйлем ғана емес, әрбір сөздің астарында қазақ елі мен қазақ мемлекетінің әлем алдындағы абыройын өсіріп қана қоймай, қазақ халқының терең тамырлы ел екенін айшықтайтын қасиет жатқанын көреміз.

Бүгін ғана Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталатын мақаласымен қауыштық. Мақаланың тақырыбының өзі-ақ «Мен қазақпын» деген кісінің делебесін қоздырып, ұрпақ бойына бабалар рухының асыл болмысын құйып жібергендей әсерде болдық. Құдайға шүкір, негізсіз ел емеспіз ғой! Сол барымыздың бағасын базарлай алатын уақыт бүгін мүмкін боп тұр. Осы мүмкіндікті уыстан шығарып алсақ болашақ бізді кешпейді. Сондықтан Елбасы осы тұжырымдамасында атап көрсеткен құндылықтарды ел игілігіне исіндіру жолында күллі Қазақстан халқы бір атаның баласындай құлшына күш біріктіруге тиіспіз!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар