Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖОЛДАУ
Президент Жолдауы –  Жаңа Қазақстанды әділетті қоғ...

01.09.2023 944

Президент Жолдауы –  Жаңа Қазақстанды әділетті қоғам құруға бастайтын маңызды қадам 14+

Президент Жолдауы –  Жаңа Қазақстанды әділетті қоғам құруға бастайтын маңызды қадам - adebiportal.kz

1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бірінші күні, жас балалар мен ұстаздар үшін білім күні ретінде қастерлі күн ғана емес, барлық Қазақстан азаматтары үшін,  біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ еңбек ұжымы үшін де бұл күн – айрықша күн, себебі халықтың жарқын үміттерін, ғажайып армандарын жүзеге асыруға жол ашатын жаңа қадамдарына бағыт-бағдар беретін Президент Жолдауын асыға күтеміз.

2023 жылы 1 қыркүйекте, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауын жариялады. 

Мемлекет басшысы депуттарды кезекті сессияның ашылуымен құттықтай келе, Парламенттегі саяси партияларының көбейгенін, депутаттар құрамының өзгергенін айта келе, халық қалаулыларының еліміздегі өзекті мәселелерді шешу жолында және көптеген заң жобасына бастамашылық жасап белсенді де табысты қызмет атқарып жүргеніне тоқталып, оларға алғыс айтты. 

Президент өз Жолдауын Парламент сессиясының ашылуына орай жариялауының маңызын: «Себебі дәл осы сәтте және дәл осы жерде билік тармақтарының барлық өкілдері бас қосады. Алдағы орта мерзімдік жұмыстың баүыт-бағдары айқындалады. Нақты тапсырмалар беріледі, жаңа міндетттер жүктеледі. Парламент, Үкіметжәне басқа құзырлы органдар тың қарқынмен іске кіріседі. Бір сөзбен айтсақ, мемлекеттік аппараттың үйлесімді әрі тиңмдң жұмыс істеуі  үшін бұл іс-шара өте маңызды», – деп атап көрсетті.

Мемлекет басшысы бастамалары негізінен, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Қазақстанның экономикасын арттырып, халқымыздың  әл-ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған, олардың  басым көпшілігі жүзеге асты, сонымен қатар бірқатар жұмыстар қазіргі кезде тың қарқынмен іске асырылуда.  Мысалы, 2020 жылдан бастап ұстаздардың еңбекақысы 2 есе өсті,  медицина қызметкерлерінің де жалақысы едәуір көтерілді. Халық зейнетақы қорындағы жинақтан бір бөлігін өз мұқтажына пайдалануға мүмкіндік берілді. Миллиондай халық баспана мәселесін оңтайлы шешіп, үйлі болуға қол жеткізді. Қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 400-дей мектеп жаңа оқу жылында есік ашты, ауылдық жерлерде 300-ден астам денсаулық сақтау ғимараттары салынып жатыр. 2024 жылдан бастап балалардың жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағытталған игілікті «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша олардың есепшотына қаржы түсе бастайды. Президент білім беру саласына сапалы біліммен қатар әр баланың, білім алушының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа, буллингке тап болған  балаларға арнап бағдалама мен психологиялық қолдау көрсететін қызметті  институционалды түрде нығайту керектігіне баяндай келе, білім сапасын көтеру үшін интернет жылдамдығын көтерудің, мұғалімдірдің кәсіби біліктілігін арттырудың ауадай қажеттілігіне тоқталды. Оқу орындарының түлектерге жұмыс ұсына алатын еңбек мекемелерімен байланыс жасап, ұзақ мерзімге әріптестік орнатуын ұсынды. Еліміздегі демографиялық өсім білімге деген сұранысты арттыра түскенін және мемлеетімізде білім саласында тұтастық,яғни жүйе жоқтығына тоқталып, сол себепті бес жастан балаларға арнап «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды.

Заңсыз берілген немесе игерілмей жатқан 8 млн жер мемлекеттің қарамағына қайтарылды. Мемлекет басшы осында игілікті шаралардың жүзеге асуының бір тетігі ауқымды саяси жаңғыру жұмыстарының тиімді де ауқымды түрде жүргізілуімен қатар билік тармақтары арасында тепе-теңдік орнауының бар Президенттік Республикасы үлгісіне көшудің нәтижесі екендігін атап айтты.  «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын нақты іске асыру барысында Парламенттің рөлі ерекшелігіне тоқталып, адам құқығын қорғау саласында маңызды жұмыстар атқарылып, қоғамымызда әділеттік орнауы үшін кқлемді жұмыстар жүргізіліп жатыр дей келе, тек саяси реформалармен ғана шектеліп қалмай әлеуметтік-экономикалық реформаларды сабақтастыра жүргізудің қажеттілігін маңызын көрсетті. Мемлекетіміздің қауіпсіздігін сақтаудың маңызының зор екенін, бұл салада тың нақты іс-шаралар қажет екендігіне тоқталды.

Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті, дей келе Мемлекет басшысы еліміздегі экониканың құрылымына қатысты реформаның басты тұстарына тоқталды.Елімізде мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру мен экономикамыз өз елімізді толық қамтамасыз ете алатындай деңгейге көтеру үшін өідеу саласын қарқынды дамыту мен экономика әртараптаптандырудың қажеттілігін айтты. Еліміздегі кен өндіру мен агроғылымды дамытып,  оны ауыл шаруашылығында тиімді қолдана білудің маңызы мен туризмнің елімізде экономикасын өркендетуде өз септігін тигізетін сала, сол себепті серпінді 15 ірі жоба дайындаудың керектігіне тоқталды. Қазақстан Республикасының ең ірі уран кен орны бар екендігіне байланысты Атом станциясын салу-салмау туралы даулы пікірлер бар екендігін айтып, Мемлекет басшысы 2019 жылғы уәдесі бойынша бұл мәселені рефердум арқылы шешілетінін мәлімдеді. ҚР Президенті еліміздегі, жалпы Орта Азиядағы су тапшылығы – өткір мәселеғ сол себепті суды үнемдеп жұмсау, суды ұнемдейтін оөы, технология жүйесін енгізуді және Үкіметке су мәселесін көрші елдермен бірлесе отырып шешуді тапсырды. Еліміз үшін тағы стратегиялық маңызы зор сала – көлік-логистикасының әлеуетін толық пайдаланудың маңызы мен «құрғақ порт» салуды, Ақтау контейнер хабының құрылысын жылдамдатудың қажеттілігін, айлақ әлеуеттерін арттырсақ, жүк тасымалы 5 есе көлемде арттыру мүмкіндігіне ие болатындығымызды атап айтты. 

Қорыта айтқанда, Президент Жолдауы –  Жаңа Қазақстанда әділетті қоғамды құруға бағытталған басты бағдар. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 

Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының

аға оқытушылары Бегалиева А.К.,

 Наралиева Рахила Турсыновна


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар