Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЗЕРТТЕУ
Қазіргі жастар: кітап оқу мәдениеті...

30.06.2022 9747

Қазіргі жастар: кітап оқу мәдениеті 12+

 Қазіргі жастар: кітап оқу мәдениеті - adebiportal.kz

Қазақта «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Күш – білімде» деген ұлағатты сөздерді даналарымыз айтып кеткен. Ал білім мен күшті қайдан аламыз? Әрине, кітаптан.

Кітап – досың, сырласың, ақылшың. Кітап оқи отыра өмірлік сабақ та аласың, дана да боласың. Сол себепті де әлеуметтану пәнінен берілген тапсырма негізінде Қазіргі жастардың кітапқа деген немқұрайлылығы деген тақырыпта зерттеу жұмысын жүргіздік. «Жастар кітап оқи ма, әлде мүлдем оқымайды ма? Қандай кітаптарды ұнатады? Зиялылар жазып кеткен мұралар архивте құр босқа, шаң басып жатыр ма? Әлде жан ашыр жастар әлі де болса бар ма?» деген сауалдарға жауап іздедік. Жүргізген сауалнама жалпы 20 сұрақтан құралды (қызығушылық сұрақтар, бағытталған сұрақтар). Қазіргі жастардың кітапқа деген немқұрайлылығы деген тақырыпта жүргізілген сауалнама барлығы 38 адамнан алынды. Қазақстан Республикасының жастар туралы заңына сәйкес 14-29 жас аралығындағылар жастар болып танылатындықтан, осы жас аралығындағы адамдардан алуға тырыстық. Сауалнамаға жауап берген жастардың 100%-ы қазақ ұлтынан. Қатысқан респондеттердің 55%- ерлер, 45%-ын әйелдер құрады. Сауалнамаға қатысушылардың жас ерекшелігінің пайыздық үлесі 14-20 жас аралығы 56%, 21-29 жас аралығы 44 % . Сауалнамаға қатысушылардың әлеуметтік құрамы да әртүрлі болып келді.

Сауалнаманың бірінші сұрағы «Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?» деген сұрақтан қазіргі жастардың көп бөлігінің бос уақыттарын ғаламторға жұмсайтындықтарын аңғарамыз. Бұл жерде кітаптың орнын ғаламтор басып кетті ме деген сұрақ туындайды. Әрине, технологияның қарыштап дамыған кезеңінде өмір сүріп, бүгінгі қоғамның жастары осы кезеңге сәйкес келгендігін де ескере кеткен жөн. Алайда, бос уақыттарымызды көбірек білім алуға, жаңа шығармалар оқуға, ақын-жазушылардың еңбектеріне шолу жасап, көз жүгіртуге арнағанымыз өзімізге әлдеқайда тиімді.

Тіл адам баласының басты қазынасы болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылымы мен әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасынынң, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін танытатын дәлелді көрсеткіші. Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін «Ұлы» деп қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – ұлттың тірегі. Бүгінгі таңда үш тілді меңгеру – заман талабы болып тұрғаны белгілі. Әрине, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілімен қоса, орыс, ағылшын тілін меңгеру қазіргі жастар үшін ауадай қажет. Осы кезде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - деген айтылым еріксіз ойға оралады. Қазіргі кезде өз тілімізде, басқа әлем тілдерінде жетік сөйлей білу қажеттілігі туындауда. Алайда, шет тілдерін үйреніп жүрген жастар өз ана тілдерін шетке ысырып қойған жоқ па деген ойға келеміз. Осы мақсатта жастардың кітапты қай тілде көп оқитындықтарын анықтау үшін «Көбінесе қай тілдегі кітап оқисыз?» - деген сауал қойылды. Сауал нәтижесі бойынша жастардың ағылшын, орыс тілдеріне қарағанда ана тілін көп оқитындықтары анықталды.

Мазмұнына қарай шығармалардың жанрларының әр түрлілігі белгілі.Әр жанрдың өзіндік қызушылығы мен ерекшелігі бар. Қазіргі таңда басымдыққа қай жанр ие екендігін анықтау үшін «Сізді мазмұнына қарай қай жанрдағы кітаптар қызықтырады?» - деген сауал қойылды. Респонденттердің жауаптарына сәйкес трагедия, лирика, драма басымдыққа ие екені белгілі болды.

«Қай жазушыны немесе ақынды сүйіп оқисыз?»деген сауалға респонденттердің жауаптарына сәйкес жастар арасында ең көп оқылатын ақын-жазушылар анықталды. Олар: Мұқағали Мақатаев, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, А.С.Пушкин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Мұхтар Мағауин, Қалихан Ысқақов, Мұхтар Шаханов.

6. Соңғы оқыған кітабыңыз деген сауалдың қорытындылары бойынша, жастар «Махаббат, қызық мол жылдар», «Абай жолы», «Балалық шаққа саяхат», «Ақбілек», «Қамар сұлу» т.б көпшілікке белгілі шығармалар аталды.

Технологияның қарыштап тұрған заманында электронды оқулықтардың да басымдыққа ие болып тұрғаны белгілі. Жастар көбінесе қай кітап түрін қолданатындықтарын анықтауға тырыстық.

Сізге қай кітап түрі тиімді? Және неліктен? Деген сұрақтар қойылды.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

"Кітап маған тақтан да қымбат", - деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген – кітап. Сол себепті оның орны тақтан да жоғары. "Наданмен қас болғанша, кітаппен бол", - дейді Баус. Кітап - сенің асып-таспайтын досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытқан, оқытып-үйреткен - кітап. Кітап адамға рухани азық. Оның бізге берері мол. Жастардың кітап оқу арқылы неге ие боламыз деп ойлайтындықтарын анықтауға тырыстық.

Қашаннан да ақын-жазушылардың ұрпаққа берер асыл қазынасы мол. Ол ертеден қалыптасып келе жатқан қағида десекте артық емес. Елдің мұң-мұқтажын, қуанышын, қайғысын өз шығармаларына арқау етіп, қиыннан қиыстырар ұлт азаматтары. Өз еліміз тұрмақ, әлемге танымал қазақ ақын-жазушыларыының бар екені белгілі. Алайда, бүгінгі күннің ақын-жазушыларын бірі білсе, бірі біле бермейді. Осы сұрақты айқындау мақсатында «Бүгінгі таңдағы ақын-жазушыларды білесізбе? Білсеңіз атаңыз» деген сауал қойылды.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Қазіргі XXI ғасырда, әрине кітап оқылады. Бірақ интернет өзінің басымдылығын міндетті түрде көрсетеді. Жастардың 5 – 6 сағат компьютердің алдында отырып, кітапты сабаққа қажет кезде ғана оқуы да осыдан. Сауалнама барысында «Бүгінгі жастардың кітапты аз мөлшерде оқуына не себеп деп ойлайсыз?» деген сауал қойылды. Бұл сауалға 90% жауап берушілер жастардың ойын ғаламтордың жаулап алуымен, әлеуметтік желілерге деген тәуелділік деп көрсетсе, қалғандары кітапқа деген қызығушылықтың төмендігінен, жастардың жалқаулығынан деп көрсетеді.

Кітап – жаныңа жақын адамдарға сыйлауға болатын таптырмас сыйлықтардың бірі. Бағалы, асыл қазына. Күнделікті мерекелерде, туған күндерде жастардың бір-біріне сыйлық беріп жататындықтары баршамызға белгілі жәйт. Осы сыйлықтардың ішінде кітап қаншалықты маңызды екенін анықтауға тырыстық.

Кітапты көп оқитын адамның кітап оқымайтын адамдарға қарағанда көптеген айырмашылықтары болатыны сөзсіз. Кітап адамға дос, серік бола тұрып, рухани азық ретінде де көрініс береді. Кітап оқу арқылы өмірге деген көзқарасымыздың түзелетіні, жан дүниеміздің толығатыны анық. Сол себепті де кітапты оқып, қай жағынан да сауатты азамат болып қалыптасуымыз керек. Сауалнама барысында «Кітапты көп оқитын адамның басқалардан қандай айырмашылығы бар?» - деген сауал қойылды. Сауалнаманың нәтижелері мынадай:

Әр саналы адам білім мен даналықтың қайнар көзі кітап екендігін біледі. Әрқайсымыздың «оқуым керек» деген шығармалар тізімі де бар шығар. Соларды кейінге қалдырмай, кем дегенде бір аптада бір кітапты оқимын деген мақсаттарыңыз болу керек. Біздің, яғни, жастардың оқуға тиіс деген кітаптардың тізімі күн сайын өсуде. Алайда, оларды оқымауға сылтау ретінде уақыттың аздығы мен шаруаның көптігін айтамыз. Бірақ бұл іске шындап кіріссек, ол сіздердің сабақтарыңыз бен жұмыстарыңызға еш кедергі бола қоймас. Ол үшін ең алдымен қандай кітаптарды оқығыларыңыз келетінін жоспарлап алу керек. Жастардың қандай шығармаларды оқуымыз керек деп есептейтінін анықтадық. Ең көп айтылған шығармалардың алғашқы бестігін көрсетпекпіз.

Әр адам үшін рухани азық алу өте маңызды. Ал, бұған жастар қалай қарайтындықтарын анықтау үшін маңыздылығына қарай орналастырылатын сауалнамаға кесте енгіздік.

Өте маңызды

Маңыздырақ

Маңызды емес

Жауап беруге қиналамын

1

Менің кітап оқуым

2

Отбасымның кітап оқуы

3

Достарымның кітап оқығаны

4

Жалпы жастардың кітап оқығаны

Адамды досынан қарап таны демекші, жанымыздағы достарымыз, жақындарымыздың өмір сүру салты, қызығушылықтары, бос уақытын қалай жұмсайтындықтары біз үшін маңызды.

Сауалнаманың соңында жастардың кітапқа деген құмарлығын арттыру үшін не істеу керек деп ойлайсыз деген сұрақ қойылды. Респонденттердің көп бөлігі кітапқа қызушылықты арттыратын шаралардың жиі өткізілуін айтса, кейбіреулері шығармаға талдау сияқты тапсырмалар берілуі тиіс, ақын-жазушыларға арналған шаралар жиі өткізіліп тұру керек деді. Ия, қоғамда сауатты, білімді, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін кітап таптырмас құрал. Ол біліммен ғана сусындатып қоймай, адамның жан-жақты қалыптасуына септігін тигізетіні анық. Зерттеу нәтижесі бойынша жастардың әлі де болса кітапқа деген қызығушылықтарының жоғалмағандықтары анықталды. Қазақ тілінде, ұлт жазушыларын, ақындарын, зиялыларын оқитын жастар легінің көп екендігі байқалып, қуанттырды. Әлеуметтану пәнінен берілген зерттеу жұмысы өз мақсатына жетті. Көптеген жастарға осы сауалнама арқылы кітаптың баға жетпес байлық, асыл мұра екендігін түсіндіре, сезіндіре алдық деген ойдамын.

Мейрамбеков Әділет


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар