Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Қос кітаптың беташары...

27.03.2023 1357

Қос кітаптың беташары 14+

Қос кітаптың беташары - adebiportal.kz

28 наурыз күні сағат 15:00-де Алматыда, ҚР Ұлттық кітапханасындағы Н. Дәулетова атындағы залда өтетін Қабылқақ Күлмесқанұлының «Тұманды дала» және Мағаз Разданұлының «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының беташарына келіңіз.

Мағаз Разданұлы қытайдағы қазақ әдебиетінің өсіп, өркендеуіне айрықша үлес қосқан қабырқалы қаламгер. «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітабына еніп отырған әңгіме-повестерінде Шығыс Түркістан қазақтарының аумалы-төкпелі тарихы, әлеуметтік өмірі, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жан-жақты көрсетілген.Қабылқақ Күлмесқанұлы да Қытайдағы қазақтар арасында кең танылған жазушылардың бірі. Бұл кітапта оның «Тұманды дала» повесі мен әңгімелері беріліп отыр. Жинаққа енген шығармалардың барлығы арғы беттегі қандастарымыздың тарихынан, бастан кешкен шынайы оқиғаларынан тұрады.

Бұл екі кітап ақын, драматург Ұларбек Нұрғалымұлы қолға алған «Birqazaq» жобасының аясында шығып отыр. Аталмыш жоба арғы беттегі жазушылардың шығармаларын қазіргі қазақ әліпбиіне көшіріп, Қазақстан халқына насихаттауды көздейді. 

Кешке белгілі жазушылар мен ақындар, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысады. СІЗ ДЕ ҚАЛМАҢЫЗ!


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар