«Жансусардың» бұл санына композитор Шәмшінің басында елтірі бөрік, қолында темекісі бар, сөйлеп отырған соңғы бейнесін таспалап алып қалған режиссер Тілеген Ахметов ағамызды шақырдық. Егер 1991 жылы сол «Қайран Шәмші» деректі фильмі түсірілмесе, онда біз ұлы композитордың жанды бейнесін көрмес едік. Сол кезде Тілеген ағамыз Шәуілдірден Шәмшіні іздеп тауып, сөйлесіп, фильмді Шәмшінің жас кезінен яғни төрт жыл офицерлік қызметте болған Сахалиннен бастап түсіруді жоспарлайды, бірақ, композитордың денсаулығы сыр беріп, ол жоспар жүзеге аспайды. Ал мына «Қайран, Шәмші» фильмін композитордың қатты ауырып тұрып есін жиып отырған кезінде түсірген екен. Бірақ, композитор өзі түскен жалғыз фильмді ақыры көре алмай кетіпті. Сұхбатта режиссер өзі көрген, куә болған жайларды әңгімелейді. Тілеген ағамыздың өзі Шолпан Жандарбекованың класынан актерлікті, Маман Байсеркеновтің класынан режиссерлікті бітірген, елу шақты деректі фильм түсірген (1990 жылы шәкірттерін ертіп Қазақстанға алғаш келген Мұстафа Өзтүріктің бейнесін экранға алғаш шығарған да режиссер Т. Ахмет.Фильм «Барып қайт, балам, ауылға» деп аталды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұратбаев, қобызшы Ықылас, Құрманғазы, Жүсіпбек, Хабиба Елебековтар, Қ.Аманжолов, З.Серікқалиев, т.б. фильм-портреттер бар) театр сахналарында қаншама қойылымдар қойған адам.
Режиссер: Атақты іздемеген, қажет қылмаған адам
31.03.2026
121
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты
қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған
жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.
Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.
Бөлісу:
