Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті белгілі қазақ мифологы С.Қондыбай еңбектерін насихаттау мақсатында магистранттар мен докторанттар арасында «СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙДЫҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ МИФОПОЭТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ» тақырыбында ғылыми конкурс ұйымдастырады.
Конкурс материалдары 2023 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады.
Конкурс қорытындысы 19 сәуір 2023 жылы шығарылады.
Конкурс талаптары: С.Қондыбай мұрасын зерделеген және мифопоэтикалық талдауға негізделген ғылыми мақала.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:
Мақала мәтіні 10 беттен кем емес, А4 форматымен, Times New Roman шрифтімен, 14 көлемінде, 1 интервал аралығында, барлық жағынан 20 мм қашықтықпен жазылуы тиіс.
Мақаланың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң Times New Roman шрифтімен, 12 кегл көлемінде бас әріппен автор (лар)дың, одан төмен ғылыми жетекшінің аты-жөні және тегі, ғылыми дәрежесі, жіберуші ұйымның (ЖОО) аталымы, ел (мемлекет) аты оң жаққа курсивпен беріледі. Мақалаға, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аңдатпа берілуі керек.
Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Сызбалар, суреттер және бейнелер қосымша түрінде ұсынылады.
Мақалалар қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қабылданады.
Үздік деп танылыған мақала авторлары арнайы диплом, грамоталармен марапатталып, мақалар арнайы жинақта жарияланады.
Тақырыпқа сәйкес келмейтін, сондай-ақ, талапқа сай емес мақалалар қабылданбайды.
Мақала мына поштаға жолдауы керек: mifology@mail.kz, a_zhanat@mail.ru
Байланыс телефондары.
Ұялы: +77017849292; +77757432105
Қалалық: 8(7172) 70-95-00 (факс), (ішкі телефон: 32-313, 32-319).
Жауапты: педагог-зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы.
Ұйымдастыру алқасы
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.