Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ПОЭЗИЯ
Сумъяагийн Амартайван: Әуезінен арудың саулап жетк...

20.06.2019 4114

Сумъяагийн Амартайван: Әуезінен арудың саулап жеткен шіркін ән…

Сумъяагийн Амартайван: Әуезінен арудың саулап жеткен шіркін ән… - adebiportal.kz

Биылғы жылдың тамыз айында Елордада Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының ұйымдастыруымен Еуразия елдері қаламгерлерінің І форумы өтеді деп жоспарлануда. Аталған әдеби шараға Моңғолия мемлекеті атынан белгілі ақын Сумъяагийн Амартайван қатысады. Осыған орай сіздерге ақынның бір топ өлеңдерін ұсынамыз.

ЖАҢБЫРҒА ЖАЛБАРЫНУ

Күбір-күбір сәт сайын жалбарынам,

Ерен Тәңір естиді бұлтын жиып.

Мүмкін сол бір ақынның сандырағынан,

О, құдырет!

Жыр жауды бір тұңғиық!

Тезегіңді төңкермей шарбағынан,

Естіледі бір сарын бұл түнде ұйып.

Қақтығатын құмақтар нәр жағып ал,

Бұлт қалқысын сел жаусын,

Қырқым – қиық.

Түндігіңді аш нұр тамсын шаңырағыңнан,

Сүт бетіне кілегей тұнсын да иіп.

Өткінші өтсін өңірдің жарғағынан,

Жер тамырын балқытып тұрсын құйып,

Арқа басы кеңейіп жан-жануар,

Қыңсылаған күшіктер үрісін күйіп.

Дала жатар мамырлап таңға мұнар,

Сіркіресін күркіреп, сыр-сыр құйып.

Алтын тамшы сорғысын бал нәрі бар,

Боз сөңкенің бетіне тылсымды үйіп.

2013.06.22 Хадан хөв

ОСПАННЫҢ АҚБОЗ АТЫ

Қия беттен жол тауып,

Жота кезіп. Қыр ақтап.

Төрт аяғы тиген жер.

От шашады, жырақ қап.

Қызыл қырғын шерлі азап,

Қыр соңынан шүйлікті.

Қырғикөзді ер қазақ,

Серік етті жүйрікті.

Шіңгіл, Қаптық, Нарында

Ұшақпен да шайқасты ол.

Зымырандай арындап,

Зымиянмен айқасты ол.

Құйрық-жалын, от шалып.

Құйғытады сайғақтай,

Ақбозаты Оспанның

Тарихтағы айғақтай.

АЙ ЕСІМДІ АРУҒА

Ай шуағы аунаған әппақ үйдің сыртынан,

шақырады самал жел жусан исі бұрқырап.

Мұнар тұнған іңірдің әуеніне үн сеуіп,

Әуезінен арудың саулап жеткен шіркін ән.

Көшіп жүрген даланың жібек – ұлпа сұрқынан,

Қараңғыны қақ жарып, жасырынған бір қылаң.

Көрінбейтін көзіңе кіл көгілжім секілді,

Көз ұшына ілінген бұлдыр-бұлдыр нұр тұман.

Жұпар-жұпар даламның самалымен бұрқырап,

Боздасам ба, қурайдан сырнайлайтар үн сұрап.

Жауһар-жауһар жанымның жай – күйіне бір сұрақ,

Қашан қайтып келесің, жамалымның ырқын ап!?

2017.10.23 Дунд гол

Моңғол тілінен аударған: Сұраған Рахметұлы


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар