Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

22.11.2021 6587

Тәуелсіздік хроникасы. 2011 жыл 12+

Тәуелсіздік хроникасы. 2011 жыл - adebiportal.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жүргізіп келе жатқан «Тәуелсіздіктің рухани хроникасы» бойынша 2011 жылға кезек келіп отыр.

2011 жылдың рухани хроникасы

2011 жыл – он екі жылдық цикль бойынша Ұлу жылы. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы атап өтілген бұл жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Осы жылы маңызды деп есептелген ақпараттарды ұсынып отырмыз.

27 қаңтар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.

30 қаңтар-6 ақпан. Қазақстанда алғаш рет қысқы Азия ойындары өтті. Қазақстанның намысын қорғаған спортшылар 70 медаль иеленді. Олардың 32-сі – алтын, 21-і – күміс және 18-і – қола.

17 сәуір. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Белгібай Шалабаевтың (1911-1990) туғанына 100 жыл толды.

18 сәуір. Жазушы, аудармашы Зейтін Ақышевтің (1911-1991) туғанына 100 жыл толды. 10 қазан. Қазақтың аса көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың (1911-1955) туғанына бір ғасыр толған мерейтой ел көлемінде кеңінен атап өтілді.

25 мамыр. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының IV құрылтайы салтанатты түрде ашылды

15 қыркүйек. Жазушы Ғабдол Слановтың (1911-1969) туғанына бір ғасыр толды.

15 қазан. Көрнекті әдебиет зертетушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Есмағамбет Самұратұлы Ысмайыловтың (1911-1966) туғанына 100 жыл толды.

15 желтоқсан. Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.

2011 жылы сондай-ақ отандық әдебиетті, өнер мен мәдениетті, мемлекеттілікті нығайту жолында өлшеусіз үлес қосқан көптеген танымал адамдар өмірден озды. Бұл айтулы тұлғаларды еске ала кету дұрыс деп білеміз:

- КСРО және Қазақстанның халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Хадиша Бөкеева;

- КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, әнші Роза Бағланова;

- қоғам және мемлекет қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Салық Зиманов;

- Қазақстанның халық әртісі, «Тарлан-Платина» сыйлығының иегері Қасым Жәкібаев;

- Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, майдангер-жазушы Әзілхан Нұршайықов;

- Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиев;

- белгілі ақын, аудармашы, журналист, Абайдың 150 жылдығына арналған мүшәйраның, өзге де жыр додаларының жеңімпазы Есенбай Дүйсенбайұлы,

- Қазақстанның халық композиторы, ҚР мемлекеттік сыйлығыны иегері Мыңжасар Маңғытаев,

- Қазақстанның халық жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті ақын Қадыр Мырза-Әлі.

2011 жыл Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында өткен ауқымды іс-шараларымен ел есінде қалып, тарих қойнауына аттанды.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар